Ахмет Байтұрсынұлының ауылында медициналық пункт пен жолдың құрылысы жүріп жатыр

Қостанай облысының әкімі Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына дайындық бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. 

Кеңес барысында облыстық басқармалардың басшылары, Жангелдин ауданының әкімі, мердігер ұйымдардың өкілдері жоспарланған іс-шаралардың дайындық барысы туралы тыңдалды.

Сондай-ақ Алматы қаласы мен Торғай ауылындағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы музейлердің директорлары сөз сөйледі.

Бүгінгі таңда Ақкөл ауылында медициналық пункт пен Ахмет Байтұрсынұлы ауылына дейінгі жолдың құрылысы жүріп жатыр. А.Байтұрсынұлының туыстарын жерлеу орнын қоршау жұмыстары аяқталуда, сондай-ақ табиғи демалыс аймақтарын абаттандыру жұмыстары басталды.

Кеңес қорытындысы бойынша әкім облыстық басқармалардың басшыларына, Жангелдин ауданының әкіміне барлық жоспарланған жоба мен іс-шараларды сапалы және уақытылы орындау жөнінде тапсырма берді.

 

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...