Көне көздердің кейінгілерге қалдырған әпсаналарына сүйенсек, менің балалық шағым өткен ауылдың аты кезінде Кенесары ханның бауыры Наурызбай батырдың қасындағы қандыкөйлек қырық жігітінің бірі Шәкір батырдың тұлпарының құрметіне Көкалат деп аталса керек. Сол ықылым заманнан бері қай қоғамның болса да географиялық картасынан түспей, тарыдай таңбаны иеленіп, Торғай даласының бір түкпіріндегі томаға-тұйық жатқан осы бір ауылдың «басқа жерден бақ іздеп кеткен» біздей ...
Толығырақ »Monthly Archives: тамыз 2022
Қостанай облысында шаруаларға субсидия ретінде бөлінген 484 млн теңге ұрланды
Қаржы мониторингі агенттігінің Қостанай облыстық департаменті мемлекеттік инвестициялық бағдарлама аясында 484 млн теңге бюджет қаражатының жымқырылғанын анықтады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Агенттіктің ақпаратынша, ақша шаруа қожалықтарына күн энергиясын пайдаланып құдықтардан су көтеретін құрал-жабдықтар сатып алуға субсидия ретінде бөлінген. Сот үш адамды кінәлі деп тапты. Іске қатысы бар бір адам 5 жылға, қалғандары 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді. ...
Толығырақ »Рудныйда бала көтерген ер адамды көлік қағып кетті
Рудныйда бала көтеріп, жолдан өтіп бара жатқан ер адамды көлік қағып кетті, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Рудный қаласы, Ленин көшесі, №60 үйдің жанында 18 жастағы жүргізуші Р есейде тіркелген «ВАЗ-2112» автокөлігін басқарып келе жатып, реттелмейтін жаяу жүргіншілер жолағында бала көтерген жаяу адамды қағып кетті. Оқиға салдарынан жаяу жүргінші мен бала түрлі дене жарақатын алды. Олар ...
Толығырақ »Қостанай облыстық сотының судьясы ірі көлемде пара алу кезінде ұсталды
Қостанай облыстық сотының судьясы ірі көлемде пара алып жатқан жерінен ұсталды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Жоғарғы соттың ресми сайтына сілтеме жасап. «Биылғы 17 тамызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Жоғарғы соттың Ішкі қауіпсіздік бөлімінің өзара іс-қимылы нәтижесінде Қостанай қаласында Қостанай облыстық сотының судьясы ірі көлемде пара алу кезінде ұсталды. Ақша мүдделі тараптың пайдасына соттың оң шешімін алу үшін көзделген. Басқа ақпарат тергеудің мүддесіне ...
Толығырақ »Рудныйдағы қазақ балалар орысша оқуға мәжбүр
Қостанай облысының өңір орталығынан кейінгі үлкен қаласы — Рудный, өткен аптада өзінің 65 жылдығын атап өтті. Атақты Соколов-Сарыбай тау кен байыту өндірістік кәсіпорны орналасқан аймақ. Тұрмысы бар, жұртының жағдайы жақсы, өндірісі дамыған қала, халқы шамамен 135 000 шамасында. Айтқандай, шаһар пайда болған жердің байырғы атауы — Сарыбай. Бірақ әңгіме қала атауы да, оның мерейтойы да туралы емес, қаланың тіпті жыр ...
Толығырақ »«Шафер үйі» музейі туралы
Павлодарда ғажап адам өмір сүреді, аты-жөні — Наум Григорьевич Шафер, өзі профессор, музыкатанушы, композитор, сосын КОЛЛЕКЦИОНЕР. 91 жаста. …Осы күнге дейін «Шафер үйі» музейі туралы білмей келгеніме кәдімгідей ұялып қалдым. Қазақ тіліндегі насихаты кемшін болды ма, біздің елдегі жалғыз грампластинкалар музейі туралы Павлодар сапарында ғана естідім, барудың да сәті түсті. «Шафер үйіне» жыл сайын 10 000-нан астам адам келеді. Сонда ...
Толығырақ »Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ. Парасат майданының суреткері
(Эссе) Алтыншы сыныпқа көшетін жылы «Жүздесу» атты жинақтан халыққа танымал болып қалған бір топ қазақ қаламгерлерінің шығармаларын оқып шықтым. Солардың ішінен бір әңгіме ерекше әсер етіп, балалық көңілімде айрықша ізін қалдырып кетті. Әңгіменің аты «Оң қол», авторы – Төлен Әбдіков еді. Оймақтай ғана әңгіме мені түпсіз терең ойдың шыңырауына батырып жіберіп, жүрегімнің қақпасын қайта-қайта қаққан бір мазасыз сезім ұзақ ...
Толығырақ »