Қостанай облыстық сотының судьясы ірі көлемде пара алу кезінде ұсталды

Қостанай облыстық сотының судьясы ірі көлемде пара алып жатқан жерінен ұсталды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Жоғарғы соттың ресми сайтына сілтеме жасап.

«Биылғы 17 тамызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Жоғарғы соттың Ішкі қауіпсіздік бөлімінің өзара іс-қимылы нәтижесінде Қостанай қаласында Қостанай облыстық сотының судьясы ірі көлемде пара алу кезінде ұсталды.

Ақша мүдделі тараптың пайдасына соттың оң шешімін алу үшін көзделген.

Басқа ақпарат тергеудің мүддесіне орай жарияланбайды», — делінген ұсынылған хабарламада.

ҰҚК Тергеу департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізіп жатыр.

фото: ашық дереккөз

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...