13.09.2022

«Ақшалай берілмейді»: Аманқарағайда қора-қопсысы өртенгендерге тақтай мен шеге жеткізілген (ВИДЕО)

Аманқарағай мен Озерный ауылында өрттен үйі аман қалып, бірақ қора-қопсысы бүлінген жұртқа материалдық көмек беріледі. Бұл жайында «Сұрау бар» YouTube арнасы әзірлеген «Өрттен кейінгі өмір. Әулиекөл» атты деректі фильмде Аманқарағай ауылдық округінің әкімі Байтемір Исмайыл айтты, деп хабарлайды halyq-uni.kz.  Біздің ауыл – Аманқарағайда 85 үй жанып кетті. Озерныйда 6 үй. Барлығы – 91. Әулиекөлде 91 үй салынып жатыр. Жұрттың барлығы сонда ...

Толығырақ »

Қостанай облысында гуманитарлық көмекті тарату кезінде тұрғындар таласып қалды (ВИДЕО)

Орман өртінен зардап шеккен Қостанай облысындағы Аманқарағай ауылы тұрғындарына гуманитарлық көмек таратылып жатқан сәттің видеосы жарияланды. Куәгер түсірген кадрларда көмек ешбір тізімсіз жүк көлігінен таратылып жатқаны көрінеді, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.  Видеода бір-бірін итеріп, жүк көлігінен азық-түлік алып жатқан адамдар тобы көрінеді. Адамдар айғайлап, құлап жатыр. Бір сәтте жүк көлігінде тұрғандар гуманитарлық көмекті көпшілікке лақтыра бастайды. Аманқарағай әкімі Байтемір ...

Толығырақ »

Қостанай облысында өрттен зардап шеккен отбасы әрқайсысы 1 млн теңгеден алды

Болат Өтемұратов қоры Қостанай облысында үйінен айырылған 100 отбасыға көмек көрсетті, деп хабарлады tobyl-torgai.kz.  Өрт салдарынан үйлері толығымен жанып кеткен Қостанай облысының Әулиекөл және Қарасу аудандарының тұрғындары Болат Өтемұратов Қорының «Көмек картасы» жобасы аясында әрқайсысы 1 млн теңгеден алды. Аманқарағай, Озерное және Люблинка ауылдарында тұратын 100 отбасыға көмек көрсетілді. Болат Өтемұратов Қорының Қазақстанның Қызыл Айымен және ForteBank-пен бірлесіп жүзеге асырған ...

Толығырақ »