Monthly Archives: қазан 2022

«Қостанай-Екатеринбург» автобусы аударылып, 13 адам зардап шекті

Бүгін Ресейдің Челябі облысының Кунашак ауданында жолаушылар автобусы аударылды деп хабарлады tobyl-torgai.kz Alau.kz сайтына сілтеме жасап. Екатеринбург қаласына баратын жолдың 85-шақырымында «Қостанай-Екатеринбург» автобусы аударылған. Челябі облысы бойынша Ішкі істер министрлігі бас басқармасының мәліметінше, жол апаты қардың көп жаууы салдарынан болған. Жүргізуші автобустың рөліне ие бола алмай, жолдан шығып кеткен. Салдарынан 13 жолаушы жарақат алған. Олар Челябі, Кунашак, Каслин аудандарындағы медициналық мекемеге жеткізілді. ...

Толығырақ »

Қостанайда жаңадан салынған аялдамалар құлап жатыр

Қостанай қаласында жуырда ғана салынған жаңа аялдамалардың бірі ауа райына төтеп бере алмай құлап қалған, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz «Наш Костанай» сайтына сілтеме жасап.  Сайттың жазуынша, Қостанайдағы Станционный көшесінде отыз жыл бойы тұрған аялдамалар жақында жаңартылып, қар мен жаңбыр астында автобус күтетін жолаушылар қатты қуанған болатын. Бірақ тұрғындардың қуанышы көпке созылмаған. Аялдама салынған кезде қуанышымызда шек болмады. Өкінішке қарай, келесі күні жаңадан ...

Толығырақ »

Қостанайда науқас ет дүкендерінің біріне барып, салмағын өлшеуге мәжбүр болған

Қостанайда тұратын Никита Журавлев есімді науқас жігіт қаладағы ет дүкендерінің біріне барып, салмағын өлшеуге мәжбүр болған. Өйткені, Қостанай қаласының емханаларында салмағы ауыр адамдарды өлшейтін таразы болмай шыққан, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап. Айта кетейік, Қостанай қаласының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті 20 223 810 000 теңгені құрайды. Қостанай тұрғыны Никита Журавлев сирек кездесетін генетикалық ауруға, дәлірек айтсақ, Дюшен ...

Толығырақ »

Әулиекөлде өрттен зардап шеккендерге пәтер кілттері табысталды

Бүгін Қостанай облысының Әулиекөл ауданында орман өртінен зардап шеккен өңір тұрғындарына жаңа үйлердің кілттерін салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.  Бір жарым ай бұрын тұтанған өрт өңіріміз үшін ауыр сынақ болды. Жан түршігерлік өрт орман мен 91 үйді шарпыды. Біздің басты міндетіміз инфрақұрылымды қалпына келтіріп, адамдарды әдеттегі өміріне қайтару болды, — деді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов. Құрылысыс жұмыстары ...

Толығырақ »

Қостанай облысында сәби өлімі 25 пайызға артқан

Қостанай облысында сәби өлімі 25 пайызға артқан, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты. Бүгінгі таңда Қостанай облысында нәресте өлімі 25 пайызға көбейгені байқалады. Бұл бағытта өңір еліміздегі антилидерлердің қатарында. Нәрестелер түрлі инфекциялармен және пневмониямен дүниеге келіп жатыр. Мен кеше ғана Перинаталды орталықта болдым. Онда 700-800 грамм салмақпен туған нәрестелерді көрдім. Екінші себеп – бұл туабітті ...

Толығырақ »

Қостанайда ақын-ұстаз Ғалымбек Әбілқайырдың 80 жылдығына орай әдеби кеш өтті

Қостанайда әдеби апталық аясында Л. Толстой атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында қадірлі ұстаз, торғайлықтардың гимніне айналған «Туған жер – Торғайым» әнінің авторы, ақын Ғалымбек Әбілқайырды еске алу кеші өтті, деп хабарлады tobyl-torgai.kz kostanaytany.kz сайтына сілтеме жасап. Бұл іс-шараға сонау елорда төрінен ақынның ұлы, белгілі журналист, Астана әкімдігіне қарасты Elorda.info сайты бас редакторының орынбасары Ғанибет Ғалымбекұлы арнай шақыртылды. «Көңілімнің шуағы» атты кеште торғайлық ...

Толығырақ »

Жүзбай қажы және оның мешіт-медресесі туралы

Бұрын үйде (төрде) бір бума зат ілініп тұратын еді, оны әке-шешем: «Құран бұл, тиіспеңдер» дейтін. Кейін білгеніміздей, ол діни кітаптар емес, анам жағынан атамыз Ысқақтың төте жазумен жазылған есеп-қисап, күнделікті тұрмысы туралы жазбалары екен. Арасында Қазан мен Орынбордан шыққан кітаптар да болды жаңылмасам. Күнделік іспеттес десе болғандай. Ысқақтың өзі де сауатты болған, кезінде Торғайдағы Иванов (қолөнершілік) мектебінде оқыпты. Діни білімі ...

Толығырақ »

Қостанай облысындағы орман әдейі өртелген – Юрий Ильин

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Қостанай облысындағы алапат өртке табиғи фактордың қатысы жоқ екенін айтты, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Экспресс К сайтына сілтеме жасап. Оның айтуынша, алапат орман өртіне байланысты тергеу шаралары әлі жалғасып жатыр. Дегенмен өрттің найзағай түсуден тұтанғаны туралы болжам толығымен жоққа шығарылған. 3 қыркүйекте негізгі өртеніп жатқан орманнан 2 шақырымдай жерде бөлек ошақтары болды. Тіпті шыршалардың ұшар басын ...

Толығырақ »

Рудныйда жалған 100 долларлық купюраларды сатумен айналысқан топ ұсталды

Қаржылық мониторинг агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жалған 100 долларлық купюраларды сатумен айналысқан бір топ адамды анықтады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Облыс аумағында жалған валютаны кезекті рет сатуға әрекеттенген қылмыскерлер Рудный қаласында ұсталған. Ұстау кезінде оларда жалған шетел валютасы бар екені анықталды. Қылмысқа қатысушылардың бірінің тұрғылықты жерін тінту барысында ірі ...

Толығырақ »

«Қостанай аруы» байқауындағы шу: Ұйымдастырушы өз шындығын айтты

Сұлулар сынында жеңімпаз атанған бойжеткен қалай болғанда да ұлттық байқауда Қостанайдың атынан шығатын болды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Экспресс К сайтына сілтеме жасап.  Кеше байқау қазылары жеңімпазды ұйымдастырушылар алдын ала анықтап қойғанын, шешіммен келіспейтіндерін айтқан еді. Осы жағдай туралы «Қостанай аруы» сынының продюсері Карина Теклюк пікір білдірді. Оның айтуынша, үміткерлерді бағалау кастинг кезінен басталғандықтан, Нина Доброжан бірнеше кезең аясында басым ұпай иеленген. Қазыларға ...

Толығырақ »