Қостанай облысындағы өртке кінәлі болуы мүмкін бірнеше күдікті анықталды — министр

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Қостанай облысындағы өрт бойныша тергеу жұмыстары қалай жүріп жатқанын айтты, деп жазады BAQ.KZ.

Қостанай облысындағы өртке оранған аудандарға қатысты қазір тергеу жүріп жатыр. Тергеушілер бірқатар лауазымды тұлғаны ұстады. Оларға айып тағылуда, — деді Төтенше жағдайлар министрі Үкімет отырысынан соң.

Еске салайық, қыркүйекте Қостанайдың Әулиекөл ауданында орман өртке оранып, салдарынан 2 091 адам эвакуацияланып, 12 тұрғын түрлі жарақат алды. Аманқарағай, Озерное және Лесное ауылдарынан — 1841, Бағаналы және Қазанбасы елі мекендерінен 250 адам қауіпсіз жерлерге көшірілді.

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...