Мемлекет басшысының Жарлығымен Құмар Іргебайұлы Ақсақалов Қостанай облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлады tobyl-torgai.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Құмар Іргебайұлын облыс активіне Премьер-министр Әлихан Смайлов таныстырды.
Ақсақалов Құмар Іргебайұлы 1965 жылы Қостанай облысында туған. 1987 жылы В.П.Горячкин атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы өндірісінің инженерлері институтын тәмамдаған. 1987-1989 ж.ж. — Қостанай облысы Урицкий ауданы «Крыловский» кеңшарының бас инженері.
1989-1991 ж.ж. — Қазақстанның ЛКЖО-ның Қостанай облысы Урицкий аудандық комитетінің бірінші хатшысы. 1991-1992 ж.ж. — Қостанай облысы Урицкий ауданы «Маяк» кеңшарының бас инженері. 1992-1993 ж.ж. — Қостанай облысы Қостанай ауданы «Новоселовка» мемлекеттік шағын кәсіпорнының директоры.
1993-1996 ж.ж. — Қостанай облысы Қостанай ауданы «Қостанай» ғылыми-өндірістік бірлестігі директорының орынбасары. 1996-1998 ж.ж. — Қостанай облысы Меңдіқара ауданының «Север» ұжымшарының төрағасы, «Север» ААҚ президенті. 1998-2002 ж.ж. — Қостанай облысы Меңдіқара ауданының әкімі. 2002-2004 ж.ж. — Қостанай облысы Таран ауданының әкімі.
2004-2006 ж.ж. — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы. 2006-2010 ж.ж. — Жамбыл облысы әкімінің орынбасары. 2010-2014 ж.ж. — «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Орталық аппаратының басшысы. 2014-2015 ж.ж. — «Нұр Отан» партиясының хатшысы.
2015-2017 ж.ж. — Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi басшысының орынбасары.
2017 жылғы 14 наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.
Экономика ғылымының кандидаты, «Құрмет» орденімен (2011), «Ерен еңбегі үшін» (2005) медалімен, 2 мерейтойлық медальмен марапатталған.
Еске сала кетейік, 2015 жылдың қыркүйек айынан бері облысқа әкім болған Архимед Мұхамбетов қызметінен босатылды. Оның қандай қызметке барғаны әзірге белгісіз.