Жануарлар қалдығын өртеген: Қостанай тұрғындары жағымсыз иіске шағымданды

Қостанай тұрғындары «Kostanay Plaza» сауда үйі қоршауының ар жағында орналасқан инсинератор пешінен шыққан жағымсыз иіске шағымданды. Бұл қондырғыда жануарлардың қалдықтары өртенген, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz «Костанайские новости» басылымына сілтеме жасап.

Видео әлеуметтік желіде таралып, қызу талқыланып жатыр.

Мән-жайын анықтап жатырмыз. Қазірдің өзінде нақты айта аламын, инсинератор пеші ветеринария бөліміне тиесілі емес. Ол мал сою пунктіне тиесілі болуы мүмкін, — деп түсіндірді Қостанай облысының Ветеринария басқармасының басшысы Ақат Шектібаев.

Видеоға облыстың Экология департаменті де пікір білдірді. Жақын арада зертхана мамандары кәсіпорынның санитарлық-қорғау аймағындағы атмосфералық ауаны тексереді.
Фото: дереккөз

Мынаны да қараңыз

Торғайлық дәрігер Президент қолынан «Құрмет» орденін алды

Президент Жарлығымен отандық медицинаны дамытуға қосқан елеулі үлесі және халық денсаулығын сақтаудағы көпжылдық қажырлы еңбегі ...