Ерлан Қалмақов жаңа қызметке тағайындалды

Ерлан Қалмақов Қостанай облысы Дін істері басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.

Ерлан Болатұлы 1987 жылдың 14 қазанында Қостанай облысы Науырзым ауданы Өлеңді селосында туған.

Білімі жоғары, 2008 жылында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтты тарих бакалавры мамандығы бойынша білім алған. 2010 жылында А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетті құқық бакалавры мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы:

01.01.2006ж. – 11.08.2008ж. – «Қостанай таңы» газетінде тілші,

21.10.2008ж. – 24.12.2008ж. – Костанай облысы әкімдігі Ішкі саясат басқармасы Жастармен және жастар бірлестіктерімен жұмыс жөніндегі бөлімінің жетекші маманы м.а.,

24.12.2008ж. – 05.01.2009ж. – Костанай облысы әкімдігі Ішкі саясат басқармасы Жастармен және жастар бірлестіктерімен жұмыс жөніндегі бөлімінің жетекші маманы,

05.01.2009ж. – 19.10.2009ж. – Костанай облысы әкімдігі Ішкі саясат басқармасы Талдау және мониторинг бөлімінің жетекші маман,

19.10.2009ж. – 14.12.2010ж. – Костанай облысы әкімдігі Ішкі саясат басқармасы Ақпараттық саясат және бұқаралық ақпарат құралдарын мониторингілеу бөлімінің бас маманы,

14.12.2010ж. – 12.10.2012ж. – Костанай облысы әкімдігі Ішкі саясат басқармасы Жастармен жұмыс және саяси партиялармен өзара іс-қимыл бөлімінің бастығы,

15.10.2012ж. – 23.11.2012ж. – Костанай облысы әкімдігі Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы Жастармен және жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімінің бастығы,

26.11.2012ж. – 19.04.2013ж. – Костанай облысы әкімдігі Ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары,

19.04.2013ж. – 31.08.2016ж. – Костанай облысы әкімдігі Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары,

01.09.2016ж. бастап  – Костанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының басшысы болып қызмет істеді.

Мынаны да қараңыз

Құмар Ақсақалов ертең Федоров ауданына жұмыс сапарымен барады

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Федоров ауданына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Сапар барысында ...