22 мамырда Қостанай облысында 11-сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.
Обаған ауылында жалпы білім беретін мектептің оқушысы асылып қалған. Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, тергеу амалдары басталған.
«ТоболИнфо» басылымы қыздың денесін әкесі тауып алғанын жазды. Ер адам қала мен ауыл арасында жолаушы тасымалдаумен айналысқан. Сол күні қаладан келгеннен кейін терезеден қызының асылып тұрғанын көрген.
Әкесінің айтуынша, қызы бірнеше күн бойы отбасымен бірге тамақ ішпей, тұйықталып жүрген.
Марқұм 22 мамырда ҰБТ сынағына баруы керек болған, алайда тестке барудан бас тартыпты.
Білім басқармасы мектептің 11-сыныбында төрт-ақ оқушы бар екенін мәлімдеді. Өзара жанжал байқалмаған.
Біз әзірге ештеңеге түсініктеме бере алмаймыз, себебі тергеу амалдары жүріп жатыр. Оның телефонындағы және басқа да әлеуметтік желілердегі хат-хабарлары тексеріліп жатыр, — деді Ұзынкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің басшысы Қайрат Әлиев.
Фото: ашық дереккөз