06.06.2023

Торғай өңірінде құрғақшылық болады

«Казгидромет» маусымда еліміздің бірқатар аймақтарында құрғақшылық болатынын хабарлайды tobyl-torgai.kz. «Казгидромет» РМК-ның болжамы бойынша, Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын қалыпты болмақ. Сонымен қатар еліміздің солтүстік-батыс, оңтүстік, солтүстік және орталығында құрғақшылық күтіледі. Болжам бойынша, құрғақшылық Ақтөбе облысының Әйтеке би, Ырғыз және Хромтау аудандарында, Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандарында, сонымен қатар, Қарағанды облысының Шет ауданында болмақ. Фото: pixabay.com

Толығырақ »