Қостанайдағы Психикалық денсаулық орталығының бас дәрігері сотталды

Қостанайдағы психикалық денсаулық орталығының бас дәрігері белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айырылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қостанайдың №2 сотында Психикалық денсаулық орталығының бас дәрігері Владимир Михайленкоға үкім шықты. Сот мәліметінше, сотталушы мен оның әріптестері сараптама қорытындысын бұрмалады деп айыпталған. Жүргізушіні заңсыз әкімшілік жауапкершіліктен босату үшін орталықтың наркологтарына сараптама қорытындысын өзгертуді тапсырған.

Бұл іс сотқа дейінгі жеделдетілген өндірісте қаралды. Істі қарау барысында сотталушылар айыпты мойындау туралы прокурормен процессуалдық келісім жасасқан.

«Сот іс жүргізу келісімінің шарттарына сәйкес, сондай-ақ жасалған қылмыстардың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін ескере отырып және Қылмыстық кодекстің 55-бабы 3-бөлігінің талаптарын сақтай отырып, жаза тағайындады. Қылмыстық кодекстің 58-бабының 2-бөлігімен қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша неғұрлым қатаңырақ жазаны қолдану арқылы белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына және 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалсын», — деді Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі.

Наркологтар мен лаборанттар да бас бостандығынан айырылды. Іс бойынша шығын өндірілмеген. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы әріптестеріне қатысты сот процесі туралы ақпарат құралдарынан білгендерін хабарлады. Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.

14 шілдедегі өтінішке сәйкес, бұл қызметкер өз өтініші бойынша қызметінен босатылды. Кез келген қызметкер өз өтініші бойынша жұмыстан кету құқығын сақтай алады. Өйткені бізге құқық бұзушылық туралы шағым түспеген. Құқық қорғау органдарынан бізге бірде-бір құжат түспеді, — деді Қостанай облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Данияр Жандаев.

Енді «Қостанай облыстық психикалық денсаулық орталығы» КМК бас дәрігерінің міндетін басшының емдеу ісі жөніндегі орынбасары атқарады.

Осыған дейін Қостанай облыстық психикалық денсаулық орталығының бас дәрігері Владимир Михайленконың айыптау сотында отырғаны белгілі болған. Оған Қылмыстық кодекстің 361-бабының 1-бөлігі «Қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану», ҚК-нің 385-бабының 5-бөлігі «Жалған құжаттарды, мөрлерді, бланктерді, мемлекеттік марапаттарды және мемлекеттік пошта белгілерін қолдан жасау, дайындау немесе өткізу». Қылмыс алдын ала сөз байласу бойынша адамдардан құралған топ жасаған.

Фото: дереккөз

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...