Қостанайда жылу желілерінің үш рет жарылуы салдарынан 122 үй, мектеп және халықаралық әуежай жылусыз қалды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.
Желтоқсанның 20-сы күні таңертеңнен бері жергілікті жылу-энергетика мекемесі жылу желілеріндегі апатты жою туралы үш хабарлама жариялады. Осының салдарынан қаладағы барлығы 122 үйде батареялар сөндірілді. Сондай-ақ тізімде №29 мектеп пен халықаралық әуежай ғимараттары бар.
Қобыланды батыр даңғылының бойындағы №20 жылу магистраліндегі апат салдарынан 71 көпқабатты үй таңғы 9-дан бастап жылусыз қалды. Узкоколейная көшесі №29 үй бойында және көшедегі №4 үйдің жанында және Герасимов көшесідегі 9 және 42 үйлердің жанында жерасты жылу желісі жарылған, — делінген компанияның сайтындағы хабарламада.
Олар жылуды бүгін кешкі сегізге дейін қалпына келтіреміз деп уәде беріп отыр.
Энергетика министрлігі жылу электр орталығындағы жағдайға қатысты сынға жауап берді. Шенеуніктер еліміздің бірқатар өңірлеріндегі жылуға қатысты қалыптасқан жағдайды түсіндіріп, жағдайды реттеуге жұмысшылар мен қажетті материалдардың жеткілікті екенін айтып, тұрғындарды жұбатуға тырысты.
Фото: m.smi24.net