Қостанай облысында ветеринарлар жауапқа тартылды

Қостанай облысы Алтынсарин ауданының прокуратурасы Ветеринариялық станса қызметін тексеру барысында ветеринария саласындағы заңнаманың бұзылуын анықтады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.

Анықталғандай, Красный Кордон ауылы, Новоалексеев, Свердлов, Большечураков, Обаған, Димитров және М. Хакімжанова атындағы ауылдық округтердің ветеринариялық дәрігерлері аса қауіпті аурулардың алдын алу мақсатында ветеринариялық шаралар өткізбеген.

Анықталған заң бұзушылықтар бойынша уәкілетті мемлекеттік органның атына прокурорлық қадағалау актісі енгізілді. Оны қарау нәтижесінде аталған елді мекендердің ветеринарларына 369 мың 200 теңге айыппұл салынды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Фото: Қостанай облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...