Қостанайлық жолшылар 55 шетел азаматына көмек көрсетті, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Республикалық маңызы бар М-36 «Екатеринбург — Алматы» автожолындағы Қарабалық ауылының маңында бүгін қатты аяз салдарынан Тәжікстаннан Ресейге бағыт алған автобустың жанар-жағармайы қатып қалды.
Жолшылар тез арада автобусты жақын маңдағы кемпингке сүйреп апарып, жылытып, көлікті оталдырып берді. Автобус ішінде 55 адам болған, оның 6-ы бала. Зардап шеккендер жоқ, жолаушылар медициналық қызметті де қажет етпеді. Автобус өз бағыты бойынша жолға аттанды, — делінген хабарламада.