Monthly Archives: қыркүйек 2024

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы Нұрлыбек Қарин өзінің әкімшілік аумағын аралау барысында, жазатайым оқиға туралы хабар алды. Бірнеше минут ішінде оқиға орнына дереу жетті. Оқиға болған жерде бірнеше адам жиналып, әйелді шығаруға тырысып жатты. Әйел тереңдігі 4 метр болатын кәріз құдығына құлап кеткен. Су деңгейі беліне дейін жеткен. Полиция қызметкерлері ...

Толығырақ »

Көшбасшы: Қостанай облысында жол-көлік оқиғаларының саны 150 пайызға көбейген

Қостанай облысы Қазақстандағы жол-көлік оқиғалары (ЖКО) санының өсімі бойынша көш бастап тұр, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Жыл басынан бері аймақтағы апаттар саны 150,6 пайызға, ал жарақат алғандар саны 132,5 пайызға көбейген. 8 айдың ішінде облыс жолдарында 36 адам қаза тапты, оның ішінде бір бала. Қала маңындағы трассаларда жол апатының негізгі себептері олардың қауіпсіздігіне көз жеткізбестен жиі басып озатын жүргізушілердің абайсыздығы мен ...

Толығырақ »

Арқалық әкімдігі су тасқынынан зардап шеккен отбасыға көмек көрсетуден бас тартқан

Арқалық қалалық соты Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 100 АЕК мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тартуды заңсыз деп тану туралы Д. есімді азаматтың әкімшілік талап арызын қарап, тиісті үкім шығарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Alau.kz-ке сілтеме жасап.  2024 жылғы 28 наурызда қала аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланған және су тасқыны салдарынан зардап шеккен, әлеуметтік ...

Толығырақ »

Құмар Ақсақалов ертең Федоров ауданына жұмыс сапарымен барады

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Федоров ауданына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Сапар барысында өңір басшысының ауданның бірқатар әлеуметтік-экономикалық нысанын аралап, жергілікті тұрғындармен кездесуі жоспарланған. Фото: primeminister.kz

Толығырақ »

Қостанайдағы KIA зауыты жылына 70 мыңға жуық автокөлік шығара алады

Президент KIA автомобиль зауытының құрылысымен танысты, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысындағы KIA автомобильдерін шығаратын зауыттың құрылыс алаңына барды. Президентке құрылыс жұмыстары былтыр қазан айында басталғаны туралы баяндалды. Жоспарға сәйкес, конвейерден алғашқы көлік сынақ режимінде келесі жылдың шілде айында шығарылады. KIA Qazaqstan бас директоры Ким Дэ Ки зауыт 2025 жылдың қазан айында іске қосылатынын жеткізді. Автокәсіпорын бастапқы ...

Толығырақ »

Президент озық технологиялармен жабдықталған кәсіпорынға оң баға берді

Мемлекет басшысы озық технологиялармен жабдықталған кәсіпорынға оң баға берді, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Бұдан соң зауытта еңбек ететін отандық жас инженерлермен әңгімелесті. – Бүгінде біз жұмысшы мамандарды қолдап жатырмыз. Ол жөнінде Жолдауымда да айттым. Келесі жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жарияладық. Еңбек – қашан да құнды. Бұл жерде кіл жастар жұмыс істейді екен. Біз ірі және шағын кәсіпорындарда қызмет ететін мамандарды, ...

Толығырақ »

Мемлекет басшысы «KamLitKZ» ЖШС шойын құю зауытына барды

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қостанай облысына жұмыс сапары «KamLitKZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің шойын құю зауытымен танысудан басталды. Аталған кәсіпорын өңірдің индустриялық аймағында орналасқан, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Президент жүк көліктеріне арналған қосалқы бөлшектер шығаратын өндіріс орнын аралап көрді. Серіктестіктің бас директоры Дмитрий Гуртовой зауытта жылына 45 мың тонна шойын құймасы өндірілетінін айтты. Құны 78,2 миллиард теңге болатын жобаны іске асыру нәтижесінде 500 жұмыс орны ...

Толығырақ »

Президент Тоқаев жұмыс сапарымен Қостанайға келді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қостанай облысына келді, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Тоқаевты Ахмет Байтұрсынұлы атындағы әуежайдан Құмар Ақсақалов қарсы алды. Ақорданың мәліметіне сүйенсек, мемлекет басшысы өңірдегі бірқатар өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын аралайды. Сондай-ақ әлеуметтік нысандардың жай-күйімен танысады. Фото: Ақорда

Толығырақ »

«Арқалық әуежайына бөлінген қаржы қайда?»: Берік Бейсенғалиев Үкіметке депутаттық сауал жолдады

Арқалық қаласындағы жекенің қолына сатылып кеткен әуежай жұмысын қалпына келтіру үшін жергілікті бюджеттен 9,5 млн теңге қаражат бөлінгені туралы айтылды. Алайда іс жүзінде 8 айда ешқандай жұмыс жүргізілмеген. Мәжіліс депутаты, AMANAT партиясы фракциясының мүшесі Берік Бейсенғалиев депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап. «Өткен жылы Үкіметтен әуежайдың жұмысын қалпына келтіру үшін жергілікті бюджеттен ұшу-қону жолағын, жермен жүру ...

Толығырақ »