Monthly Archives: қараша 2024

Балаларды қашанғы құрбандыққа шаламыз?

Қазақстан Республикасы Үкіметінің назарына! Қымбатты еститін Үкімет! Осыдан бір жыл бұрын осы «әлеуметтік желіде «Ақсақаловқа алты сұрақ» деген жазба жарияладым. Бірақ жауап болмады. Мейлі жауап беруді «мәртебелі әкім мырза» лайық көрмесе де Торғай өңіріне деген көзқарас өзгеріп, жұмыстар жүргізілсе болды ғой деп сабырға келіп күткен болатынбыз. Алайда үміт ақталар емес. Қыс басталмай жатып Торғайда жарық сөніп, қазандық жарылып , балалар ...

Толығырақ »

«Нурикамал» әнінің шығу тарихы туралы

Біздің қоғам қызық қоғам, бүк не шік дейді, орысша айтқанда «золотая середина» дегенді қабылдай алмайды. Мысалы, қазір не көп, жеңіл, ойсыз қазақша кино көп, әрине, сынауға болады, бірақ, бастысы аталған фильмдер уақыт өте келе саннан сапаға өтеді деп санаймын!Екінші, «Нурикамал» фильміне жаңағы тұрғыдан қараймын, бір жағынан кейбір адамдар бұл не, қалай біреудің күйеуі өзге қызға қарайды деген сарында біржақты ойлайды. ...

Толығырақ »

Өзбекстанға саяхат. Лайфхактар

Бірінші, әуелі құжаттарыңыздан бастайық. Шетелге шығу үшін құжатыңыз (құжаттарыңыз) (паспортыңыз, паспорттарыңыз) бар болар. Халыққа қызмет көрсету орталығында бірнеше күнде рәсімдеп береді. Төлем ақысы есімде жоқ, қымбат емес. Айтқандай, баламен шетелге шықсаңыз күйеуіңіздің (келіншегіңіздің) келісімі керек. Оны нотариус рәсімдеп береді. Сосын, жаман айтпай жақсы жоқ бұл құжаттардың екі көшірмесін алып алыңыз. Екінші, Астанадан Ташкентке бару үшін Шымкент арқылы, одан әрі қазақ-өзбек ...

Толығырақ »

Барамызды бағаламадық

Байқадам әулетінің тереңге тартқан тарихы қызғылықты-ақ. Ел аузындағы шежірені тұңғыш стенографист Дана­бике Байқадамова да тірілтеді. Қып­шақтың Алтыс атасынан тарайтын Кедел жауға аттанғанда інісі Бекбаулыға ауылын жаудан қорғауды тапсырады. Қалған бала-шаға, қарияларға ес болып, жау көзінен тыс жүрейік деп сай-салаларға қанша қонғанымен де бір күні сайланып келген жау бәрін қырып, қасаптан жалғыз қашып шыққан Бекбаулы орыс шекарасынан өтіп жан сақтайды.   ...

Толығырақ »