
Қостанай облысы қазақ тілді жаңа басылыммен толықты. Сөйтіп, Торғай аймағында алғашқы жаңа газеттің тұсауы кесілді. Газет Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат комитетінің рұқсатын (лицензиясын) алып, енді міне газеттің алғашқы саны жуырда жарыққа шығады. Басылым Арқалық қаласы, Амангелді, Жангелдин аудандарын аралап ел арасына шығып, халықтың тыныс тіршілігін көрсететін баспа болады ден үміт артамын. Амангелді Серікұлы басқаратын «Жаңа Өмір» атты аймақтық қоғамдық-саяси газеті Тобыл-Торғай өңіріндегі бұрынғы «Жаңа Өмір» атты газетімен ұқсас екен. Бәлкім, Амангелді халық үшін қалаулы атауды арнайы таңдаған болар. Бастысы, халқына пайдасы тиетін басылым болсын.
«Газет-халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деп Ахмет Байтұрсынұлы атамыз айтқандай, жаңа газет жұртымыздың бірлігі, елдің мүддесі үшін жұмыс істей берсін!
Құтты болсын!
Бұл ретте, «Жаңа өмірге» жазылуға болатынын хабарлаймын. Газеттің құрылтайшысы «TORGAIMEDIA-A» ЖШС директоры Амангелді Ахметжанов. Газеттің бас редакторы Оразхан Зейнолла.
Газетке Kaspi. kz қосымшасы арқылы жазылуға болады. Бір жылға жазылу бағасы бар-жоғы 7500 теңге. Газетке жазылып, жаңа басылымға қолдау көрсетейік. «Жаңа өмір» жақсы жаңалықтардың жаршысы болсын!
Нұсқаулық:
Kaspi.kz > Платежи > Другое > Печатные СМИ РК > Подписка на СМИ > Региональная газета «ЖАҢА ӨМІР»
PS. Газетті тұрғылықты жеріңізге жеткізіп береді. Жазылу кезінде, қала, облыс, аудан, ауыл атауы, көше, үй, пәтер толық көрсетілсін.
Тілекпен, Амандық Әмірхамзин