Торғайлық өнерпаз ғарышкерге ән шырқап берді

КТ

Торғайлық өнерпаз ғарышкерге ғаламтор арқылы ән салып берді. Халық қаһарманы Айдын Айымбетов бейсенбі және жұма күндері астықты аймақ – Қостанай облысына барды. Сапары барысында ғарышкер тығыз жұмыс кестесіне қарамастан телекөпір арқылы торғайлықтармен тілдесуге уақыт тапты.

Аға буын, жас ұрпақпен ой бөлісіп, пікір алмасты. Ғаламтор арқылы өткен кездесуде Жанкелдин аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Қарсақбай Бірмағанбетұлы аудан тұрғындарының атынан ақ тілегін жолдап, барша қазақстандықтардың мәртебесін биіктеткен ғарышкерге ризашылық сезімін жеткізді. Б.Ахметбековтің Торғай халқының атынан жолдаған арнауын Н.Ахметбеков атындағы Мәдениет үйінің жас әншісі Шынболат Жүзбай әуелетіп ән шырқады. Халық қаһарманына Нүретден қажы Молдабеков ақ батасын берді. Айдын Айымбетов ғарыш сапарында жүргендегі қызықты әрі естен кетпес сәттерімен бөлісіп, торғайлықтарға ыстық сәлемін жолдады.

Байбатыр АХМЕТБЕК,

Қостанай облысы

Жанкелдин ауданы

Мынаны да қараңыз

Арқалық қаласы, Аманкелді, Жанкелдин аудандарын дамытуға көп көңіл бөліп отырмыз — Құмар Ақсақалов

«Арқалықта самолет ұшады», «Торғайға газ келеді». «Арқалық институты университетке айналады». Бұл жағымды жаңалықтарды арқалықтықтар қалаға ...