«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы туралы айтты, автомобиль көлігі колледжінің студенті В.Кучеренко WorldSkills жұмысшы мамандықтар бойынша чемпионатына қатысатындығын мәлімдеді, жастар көшбасшысы М.Мұхтарова мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсету тақырыбында баяндама жасады, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының студенті А.Гаазе ЭКСПО-2017 аясындағы еріктілер жұмысы мәселелеріне тоқталды, Қостанай құрылыс колледжінің студенті В.Пинаева техникалық білім беру мүмкіндіктерін қалай пайдалануға болатындығымен бөлісті, Қостанай құрылыс колледжінің студенті Д.Иманов көптілділік бойынша бағдарламаны жүзеге асыру туралы айтты. Мамандарды оқытуда жаңа тәсілдердің қолданылуының және «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» бағдарламасының жүзеге асырылу барысының мысалы ретінде Бақытжан Сағынтаевқа Қостанай автомобиль көлігі колледжінің қызметі таныстырылды.
ҚР Премьер-Министріне тегін кәсіптік-техникалық білім беру аясында колледж биыл 315 адамды оқуға қабылдайтыны туралы айтылды, оның ішінде 100 адам Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында қабылданады. Кәсіптік даярлау 7 мамандық және 10 біліктілік бойынша жүргізіледі. Сонымен қатар, 2017 жылдың 10 сәуірінен бастап колледжде қысқа мерзімді кәсіптік курстар басталған, онда 4 мамандық бойынша 196 адам қамтылған. Еске салайық, Мемлекет басшысының Қазақстанның үшінші жаңғыруы Жолдауында адамзат капиталын дамыту экономикалық өсімнің жаңа моделін қалыптастыруда басымдықтардың бірі ретінде аталған. Осы жұмыс аясында Үкімет алдында білім беруді оның негізгі буынына айналдыру міндеті тұр. Осы мақсатта қазір қолжетімді және сапалы білім беруді дамыту бойынша кешенді жұмыстар атқарылуда.