15.05.2017

Премьер-Министр өңір жастарымен кездесті

Қостанай облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі жастар ұйымдарының көшбасшыларымен, ТжәнеКБ және өңірдің студенттерімен кездесіп, олармен бәсекеге қабілеттілікті арттыру және елімізде заманауи білім беру жүйесін құру мәселелерін талқылады деп хабарлайды primeminister.kz. Бақытжан Сағынтаев құзыреттілік жаңа экономиканы қалыптастырудың басты факторына айналатынын, сол себепті кәсіби мамандар базалық салаларды дамыту, сонымен қатар елімізде белсенді дамып келе жатқан қызмет көрсету салаларына да қажет екенін ...

Толығырақ »

Үкімет басшысы «ЕвразКаспианСталь» зауытында болды

Премьер-министрге өндірілетін өнім көлемін ұлғайтуға және оның жоғары сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін өндірісті автоматтандыру процесі таныстырылды, деп хабарлайды primeminister.kz.  Бақытжан Сағынтаевқа металлургия зауыты – ресейлік серіктестермен бірге іске асырылған инновациялық жоба екендігі айтылды. Өзінің техникалық жабдықталуы мен процестерді автоматтандыру деңгейі бойынша кәсіпорын «Индустрияландыру 4.0» Төртінші өнеркәсіптік революция тұжырымдамасына жауап береді. Бұдан өзге, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі шарттар едәуір жақсартылды. ...

Толығырақ »

Сағынтаевтың астықты өлкеге сапары

Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қостанай облысына барды, онда «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында алға қойылған міндеттерді түсіндіріп, оның іске асырылу барысын тексереді, деп хабарлайды primeminister.kz. Бақытжан Сағынтаев өңірдің өнеркəсіптік əлеуеті мен Жаңғырту 3.0 аясында қабылданып жатқан шараларды бағалайды, КТББ тегін оқыту бағдарламасын іске асыру барысы мен МЖƏ тетіктерін ...

Толығырақ »

Ескерту: бүгін әлем бойынша кибершабуылдар қайталануы мүмкін

Киберқауіпсіздік саласының мамандары бүгінде WannaCry вирусынан миллионнан астам компьютер зардап шегуі мүмкіндігін ескертіп жатыр. Бұл туралы inform.kz хабарлады. Еуропол директоры Роб Уэйнрайт бұған дейін мәлімдегендей, кибершабуылдардың сериясы дүйсенбі күні таңертең қайта жалғасуы мүмкін. Оның айтуынша, вирус әлемнің 150 еліндегі 200 мың компьютерді зақымдап үлгерді. Британиялық барлау қызметінің өкілдері дүниежүзі бойынша коммерциялық мекемелерге ауқымды кибершабуылға әзір болуға кеңес берді. Avast антивирусын жасап ...

Толығырақ »

Бас мүфтидің Рамазан айына байланысты үндеуі

27 мамырда барлық мұсылман үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Осыған байланысты Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Қазақстан халқын құттықтап, үндеу жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Баршамызды қасиетті рамазан айына аман-есен жеткізген Алла Тағалаға сансыз шүкірлер болсын. Сіздерді күллі мұсылман қауымы асыға күткен мүбәрак рамазан айының келуімен құттықтаймын!», — дейді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы. Бас мүфти Ақтөбе, Ақмола, Солтүстік ...

Толығырақ »

Қостанайда ат спорты маусымы ашылды

Қостанай облысы орталығының іргесіндегі Заречный ауылында орналасқан «Арғымақ» ипподромында 2017 жылдың ат жарысы ойындары маусымы ашылды. Онда көрермендер қыз қуу, жорға және тай жарыс, құнан бәйге, топ және аламан бәйге секілді ат спортының түрлерін қызықтады деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.  «Ат бәйгесіне тек Қостанай облысының аудандары мен қалаларынан басқа Астана қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Атырау облысынан атбегілер сәйгүліктерін үкілеп бәйгеге қосты. ...

Толығырақ »

Төрт облыста үсік жүреді

16-17 мамыр күндері еліміздің төрт облысында үсік жүретіні болжануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап. «16-17 мамыр күндері түнде Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының, 17 мамыр күні түнде Ақмола және Қостанай облыстарының жекелеген жерлерінде -3 градусқа дейін суытып, үсік жүреді деп күтілуде», — делінген ТЖК таратқан ескерту хабарламада.

Толығырақ »

Қазақстанда ең көп сатылатын көліктер

2017 жылдың қаңтар-сәуірінде қазақстандықтар 273 млн доллар сомасында 11 мың жаңа жеңіл автокөліктерді сатып алды. Бұл туралы «ҚазАвтоӨнеркәсіп» автокөлік саласындағы кәсіпорындар одағының баспасөз қызметінің мәліметінде айтылған деп хабарлайды ҚазАқпарат. Биылдың төрт айында ресми дилерлер 11 018 жеңіл және жеңіл коммерциялық көліктерді сатты, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 23 пайызға төмен. Сәуір айында 3 449 автомобиль сатылып, осы деңгей 2017 жылғы ...

Толығырақ »