Ертең елордада Тобыл-Торғай өңірі өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді

Ертең елордада «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесі аясында Қостанай облысының мәдени күндері басталмақ. Екі күнге созылатын ауқымды шарада Тобыл-Торғай өңірі өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді деп хабарлайды kostanaytany.kz.
Сауда Қ.Мұнайтпасов көшесіндегі «Қазақстан» спорт кешенінде 5-6 тамыз аралығында, сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін жүреді.
Бүгін Қостанайдан 650 тонна тауар елордаға жол тартты. Көшті Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов шығарып салды.
— Облыстағы 11 аудан мен 3 қала бойынша 50-ден астам тауар өндірушінің өнімі бара жатыр. 100-ге жуық атаулы тауар сатылымға қойылады. 33 тонна ет, 90 тонна сүт өнімдері, 52 тонна шұжық пен ет өнімдері, 57 тонна нан мен кондитерлік өнім, 200 мың дана жұмыртқа, 93 тонна ұн және басқа да азық-түлік түрлері бар. Бағасы Астана базарларымен салыстырғанда біршама арзан. Ол жақта Қостанай өніміне деген сұраныс өте жоғары. Бізде тек табиғи таза тауар. Асыға күтіп жүрген тұтынушылар жетерлік, — деді Ғауез Торсанұлы.

Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ

tobyl-torgai.kz

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *