Затобол ауылында 36 жастағы әйел үсіп өлген

Жергілікті полицейлер Қостанай облысы Затобол ауылында өлі табылған әйелге қатысты пікір білдірді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі «Костанайские новости» басылымына сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, 27 қарашада таңғы уақытта Затобол ауылында Ленин-Школьная көшелерінің қиылысында әйелдің денесі табылған. Полицейлер ол аумақты бірден қоршауға алған.
«27 қарашада Қостанай аудандық полицияның кезекші бөліміне Ленин-Школьная көшелерінің қиылысында денесінде зорлық белгілері жол әйелдің өлі табылғаны жайлы хабар келіп түсті. Полицейлер оқиға орнына барып, әйелдің аты-жөнін анықтады. Оның 36 жаста екені және ішімдікке құмарлардың есебінде тұрғаны белгілі болды» деп хабарлады полициядағылар. Облыстық полиция қызметкерлерінің айтуынша, өлімнің себебі — денесі мұздап, үсіп қалған.

Тобыл-Торғай-ақпарат

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...