19.12.2018

2019 жылы ҰБТ-да қандай өзгерістер болады?

Жоғары оқу орындарының академиялық және басқару дербестігін кеңейту аясында 2019 жылдан бастап мемлекеттік білім гранттары білім бағдарламаларының топтары бойынша тағайындалатын болады деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сондай-ақ мамандарды даярлау бағыттарының жаңа классификаторы енгізіліп отыр. Бүгінгі күнге дейін еліміздің жоғары оқу орындарында мамандықтар тізімі нақты көрсетілген классификатор пайдаланылды. 2019 жылдан бастап жаңа классификатор енгізіледі. Онда мамандықтардың нақты ...

Толығырақ »

Елбасы: Торғай облысындағы (өңіріндегі — ред) іске қосылған зауыт елге жұмыс беріп, біраз адамды қуантқан шығар деп ойлаймын

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Индустрияландырудың екінші бесжылдығы: Қазақстанда жасалған» атты жалпыұлттық телекөпір барысында Арқалық қаласындағы ет комбинатын іске қосқаны белгілі деп хабарлайды tobyl-torgai.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Телекөпір барысында «Торғай Ет» ЖШС директоры Расул Мұқанов Қазақстан тарихында тұңғыш рет мемлекет қолдауымен Торғай өңірінде ет өңдеу кешені тұрғызылғанын айтты. «Кәсіпорын жылына 3 мың тонна ет өңдеуге дайын. Алдағы уақытта қуаты ...

Толығырақ »

Қостанайда 50 жастағы ер адам жоғалып кетті

Қостанайлық тәртіп сақшылары 1968 жылы туған ер адамды іздеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жақсылықов Жанболат Кеңесұлы 14 желтоқсан күні сағат 10:00-де Қостанай қаласындағы үйінен шығып кетіп, содан бері оралмаған. Қостанай қаласы ІІБ «Оңтүстік» бөлімі ер адамға қатысты мәліметтерді жариялады: бойы — 165-170 см, ірі денелі. Үстінде көк түсті шаңғы костюмі, қара түсті бас киім, угги етігі болуы мүмкін. Полицейлер із-түзсіз ...

Толығырақ »