Бірғаным Әйтімова Білім басқармаларын жабу туралы ұсынысқа пікір білдірді

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бірғаным Әйтімова білім басқармаларын жабуға қатысты пікір білдірді деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оның айтуынша, аталған мәселені жан-жақты зерделеп шығу қажет. Одан кейін тиісті заңнама болуы шарт.
«Негізі, бұл бастаманы іске асыруға болады. Бірақ оны жүзеге асырудың нақты механизмі болуы керек. Бұл мәселені жан-жақты зерделеп шыққан дұрыс. Сосын барлық құрылымдарды дайындап қойған жөн. Әсіресе, мектептер дайын болуы қажет. Негізі, нақты меxанизм керек. Сонда ғана іске асыруға болады», — деді Б.Әйтімова ҚазАқпарат тілшісіне білдірген пікірінде.
Айта кетейік, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дариға Назарбаева мектептерді тікелей қаржыландыруды ұсынып отыр.

«Қазір мектептерді жан басына қарай қаржыландыру жүйесі енгізіліп жатыр. Меніңше, ол ақша тікелей Астанадан бөлінетін болса, облыстық, қалалық және аудандық білім басқармалары мүлдем қажетсіз болып қалады. Бұл — өте маңызды мәселе. Себебі мектепке бюджет қаржысы бөлінгенде, ол ақша біраз уақыт жаңағы басқармаларда жатып қалады. Олар оны бүгін бере ме? Ертең бере ме? Ашығын айту керек, бюджет қаржысын үнемдейміз деп, толығымен бермеуі де мүмкін. Артынан кітаптарға, я болмаса, күрделі жөндеуге ата-аналардан жинай саласыңдар деп, жылы жаба салады. Ол жерде заң бұзушылықтар көп. Меніңше, ондай басқармалардың бәрін жауып тастау қажет», — деген болатын Д.Назарбаева журналистерге.

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *