Арқалық қазақ жасөспірімдер театрында «Ата Заң — келешектің кепілі» атты Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Бұл туралы tobyl-torgai.kz тілшісі қала әкімдігінің Фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Сахнаны «Ақбота» халық би ансамблі «Ата заңым — тірегім» атты хореографиялық композициясымен ашты. Қала әкімі Эльдар Күзенбаев арқалықтықтарды мерекемен құттықтап, бірқатар азаматқа қала әкімінің грамоталарын тапсырды.
Мәдениет сарайы жанынан құрылған көркемөнерпаздар ұжымы ән мен биден шашу шашты.
Тобыл-Торғай-ақпарат