Қостанай қаласының әкімі де коронавирусқа шалдықты

Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметов те COVID-19 індетіне шалдықты. Бұл туралы әкім әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Құрметті қостанайлықтар! Барлық сақтық шараларын қатаң сақтауыма қарамастан, өкінішке қарай, Covid-19-ға тапсырған тестім оң нәтиже көрсетті. Осы себеппен өз-өзімді оқшаулауға көшемін және жұмысымды қашықтан жалғастырамын. Осыған орай қала тұрғындарын белгіленген барлық талаптар мен қажетті қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырамын. Біздің міндетіміз – шыдамдылық танытып, тазалыққа үлкен мән беру, өз отбасымызды қауіп-қатерден қорғау» деп жазды қала басшысы.

Сондай-ақ ол мұндай қиын жағдайда денсаулықты қорғауға саналы түрде қарау керектігін еске салып, тұрғындарды сақтық шараларына барынша ұқыпты қарауға шақырды.

 

Мынаны да қараңыз

Өзбекстанға саяхат. Лайфхактар

Бірінші, әуелі құжаттарыңыздан бастайық. Шетелге шығу үшін құжатыңыз (құжаттарыңыз) (паспортыңыз, паспорттарыңыз) бар болар. Халыққа қызмет ...