Қостанай облысының әкімі А.Б. Мұхамбетовтің өкімімен облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы болып Бибігүл Бүркітқызы Аққожина тағайындалды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.
Бибігүл Бүркітқызы 1997 жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін «Психология» мамандығы бойынша, 2016 жылы Халықаралық бизнес университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша аяқтаған. Ішкі саясат саласында мол тәжірибесі бар.
Еңбек жолын А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-да психология оқытушысы болып бастап, кейінгі жылдары облыстық Мемлекеттік қызмет істері басқармасының жетекші және бас маманы, бөлім басшысы, орынбасар, облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.
Бүгінгі күнге дейін облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі лауазымында болды.