Қостанайлық сақшылар халықаралық іздеуде болған 15 күдіктіні ұстады

Қостанай облысының полицейлері мемлекетаралық «Іздестіру» операциясына қатысып, халықаралық іздеуде жүрген 15 күдіктіні ұстады. Оның ішінде 5 қылмыскер ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Халықаралық іздеудегі қылмыскерге 2019 жылы іздеу салынды. Ол Тәжікстан Республикасының қылмыстық іздестіру қызметкерлерінің көмегімен ұсталды. Іздеу шараларын Қостанай қаласы ПБ Солтүстік полиция бөлімі бастаған. Қылмыс 2019 жылғы 27 желтоқсанда Қостанай қаласындағы Складская көшесінде болған. 4 күдікті ер адамның көзіне жас ағызатын газ шашып, екі миллион теңге ақшасын алып кеткен. Үш күдікті ұсталып, біреуі шетелге қашып кеткен» дейді полицияның баспасөз қызметіндегілер.

Тағы бір қылмыскер Тобыл қаласында қолға түсті. 26 жастағы ер адам қылмысын Ресей Федерациясының аумағында жасаған. Полицейлер мемлекетаралық іздеуде болған тағы 13 күдіктіні ұстады. Оларға түрлі дәрежедегі қылмыстарды жасағаны үшін айып тағылды. Бұдан бөлек, қостанайлық полицейлер із-түзсіз жоғалған екі адамды тапты.

 

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...