Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің бастамасымен өтіп жатқан Antikor live жобасы аясында сөз сөйлеп, оны Instargram желісіндегі жеке парақшасында жариялады деп хабарлайды tobyl-torgai.kz egemen.kz сайтына сілтеме жасап.
«Жергілікті атқарушы органдар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударуда. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл және алдын алу жөніндегі іс-шараларды айқындайтын бағдарламалық құжаттарды іске асыру бойынша шаралар тұрақты негізде қабылданады. «Өңірлер – сыбайлас жемқорлықтан ада» жобасын іске асыру аясында 2018 жылдан бастап «Қостанай – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жұмыс істейді, оның мақсаты азаматтар үшін кедергісіз және жайлы жағдайлар жасау, тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою, сондай-ақ парасаттылық, адалдық және әділдік сияқты қағидаттарды тарату болып табылады. Құрметті қостанайлықтар! Егер сіздерді толғандыратын сұрақтарыңыз немесе ұсыныстарыңыз болса, пост түсініктемелерінде көрсетуді сұраймын» деп жазған облыс әкімі Архимед Мұхамбетов.
фото: «Наша газета»