Қостанай облысы карантин талаптарын сақтамаудан 1-орында

Олардың ең көп саны Қостанай (5 116), Батыс Қазақстан (2 674), Түркістан (3 532), Шығыс Қазақстан (2 124) облыстарына, сондай-ақ, Алматы қаласында (3 876) тіркелді.

Бұл туралы Үкіметте өткен онлайн отырыс кезінде Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты деп хабарлайды tobyl-torgai.kz baq.kz-ке сілтеме жасап.

«ІІМ карантиндік және шектеу шараларын сақтау бойынша Денсаулық сақтау министрлігіне көмек көрсетеді. Күн сайын 10 мыңға жуық полиция қызметкері, Ұлттық ұлан әскерлері және шамамен 1000-ға жуық ерікті жұмылдырылады. Облыстардың бас санитарлық дәрігерлерінің қаулыларына сәйкес екі өңірде 4 блок бекеті және 2 санитарлық бекет қойылды. Бұдан басқа полиция қызметкерлері 299 карантиндік объектіні бақылайды» деді Ерлан Тұрғымбаев.

Сондай-ақ ол медициналық мекемелердің сұрауы бойынша аурумен байланыста болған адамдардың мекен жайын анықтау бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Министрдің айтуынша, мониторингтік топтар жұмысының шеңберінде биыл 5 шілдеден бастап 50 мыңнан астам бірлескен рейдтік іс-шара өткізілген.

«28 мыңнан астам карантин режимін бұзу анықталып, оның жолы кесілді. Оның ішінде 4 600-ден астамы — сауда орталықтары, дүкендер, базарлар, 1 700-і мейрамханалар, дәмханалар және басқа да демалыс орындары. Олардың ең көп саны Қостанай (5 116), Батыс Қазақстан (2 674), Түркістан (3 532), Шығыс Қазақстан (2 124) облыстарына, сондай-ақ, Алматы қаласында (3 876) тіркелді», — деді ІІМ басшысы.

Министр осы орайда барлық анықталған факті бойынша денсаулық сақтау органдары санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырғанын айтты.

«Ішкі істер органдары төтенше жағдай кезінде карантин режимін бұзушыларды ӘҚБтК-нің 476-бабы «төтенше жағдай режимін бұзу», ӘҚБтК-нің 478-бабы «төтенше жағдай кезінде құқық тәртібін бұзуға итермелейтін әрекеттер» бойынша тартқанын атап өту қажет. ТЖ құқықтық режимінің тоқтатылуымен карантинді бұзу фактілерін әкімшілендіру мәселелері қозғалды және олар Денсаулық сақтау министрлігінің құзыретіне кіреді. Осы ретте тиісті министрлікпен бірге рейдтер жүрізіледі», — деп атап өтті Ішкі істер министрі.

 

 

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *