Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов әкімдіктің кеңейтілген отырысын өткізіп, жергілікті атқарушы органдардың орындаушылық тәртібін талқылалды және облыс аумағындағы мәдениет нысандарының жай-күйі мен мәдениет саласының инфрақұрылымдық даму перспективалары туралы мәселесін қарады деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тапсырмалардың орындалуын бақылау мемлекеттік органның негізгі міндеттерінің бірі болып қала береді. Басшылықтың құжаттары мен тапсырмаларының уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету маңызды қызмет.
Бұл туралы облыс әкімі аппаратының басшысы Эльдар Күзенбаев баяндады.
2019 жылмен салыстырғанда тапсырмалар саныны 48 пайызға өскен. Бұл, ең алдымен, коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы іс-қимыл бойынша жедел және жүйелі шаралар қабылдаумен, сондай-ақ, пандемия жағдайында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етумен байланысты. Ал 2021 жылдың басындағы жағдай бойынша облыс әкімдігінің бақылауында 396 тапсыр бар.
Одан әрі облыс өңірлеріндегі мәдениет объектілерінің жай-күйі және мәдениет саласының инфрақұрылымдық даму перспективалары туралы мәселе қаралды.
Nur Otan партиясының 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын іске асырудың Жол картасына сәйкес республиканың барлық өңірлерінде әлеуметтік сала нысандардың қолжетімділігін арттыруға, халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға бағытталған нақты міндеттер бар. Бұл міндеттерді іске асыруға «Ауыл — ел бесігі», «Жұмыспен қамтудың жол картасы» сияқты мемлекеттік бағдарламалар мүмкіндік береді.
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақовтың айтуынша, 2021 жылдың 1 маусымына сәйкес облыс бойынша 573 мемлекеттік нысан бар. Жұмыс істеп тұрған мәдениет ошақтарының жағдайын қанағаттанарлық және жақсы деп бағалауға болады. Облыста апатты ғимараттар жоқ.
2019 жылы инспекциялық тексеру қорытындысы бойынша Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Науырзым ауданының аудан орталығында Қарамеңді кентінің мәдениет үйін салуға жергілікті бюджеттен қаражат қарастыруды тапсырды. Тапсырманы орындау мақсатында 2020 жылы 200 орынға арналған «Арман» мәдени-демалыс орталығының ғимаратын қайта жаңартуға ЖСҚ әзірлеуге қаражат бөлінді.
Сондай-ақ биыл Л.Толстой атындағы облыстық кітапхана ғимаратын ағымдағы жөндеуге және Арқалық қаласындағы № 2 облыстық кітапхана, Жангелдин ауданының Қөлқамыс ауылындағы клубты жөндеуге, жалпы сомасы 190,1 млн теңге бөлінді.
Сондай-ақ, «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасын жүзеге асыру аясында биыл екінші траншпен «Қарасу ауданының Октябрь аймақтық ауылдық кітапханасына» 122,8 млн теңге және Қарабалық ауданының Научный ауылдық мәдениет үйіне» 140,6 млн теңге күрделі жөндеу жүргізу үшін бюджет қаражатын бөлу жоспарлануда.
Отырыс қорытындысы бойынша Архимед Мұхамбетов қалалар мен аудандардың әкімдеріне мәдениет нысандарында орналасқан автономды жылыту жүйелерін шығару жоспарының орындалуын ерекше бақылауға алуды тапсырды.