Monthly Archives: шілде 2021

Ағайынды Бірімжановтар ұмыт қалмаса екен

немесе киелі Тосыннан түлеп ұшқан Алаш қайраткерлері туралы сөз …Лайықтап өзінің дарынына, Қойсын уақыт әркімді орынына!! Бағаламау – әулетін Мұса-Шегеннің, Ата тарих кешпейтін ірі күнә. Хамитбек Мұсабаев, Алаш рухты ақын. Ағайынды Ахмет пен Ғазымбек Бірімжановтар жайлы сөз осыдан ширек ғасыр бұрын қозғалған болатын. Есімі Торғай еліне белгілі ұлтжанды азамат, елдің арғы-бергі тарихын жақсы білетін Орекен ағамыз бірде: «Ертайжан, Жәкең болса ...

Толығырақ »

Қостанай облысының тұрғыны елімізден бөлек Ресейден де зейнетақы алып келген

Қостанай облысының тұрғыны Ресей және Қазақстан азаматы ретінде бір екі зейнетақы алған деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Белгілі болғандай, зейнеткер он төрт жыл бойы заңсыз зейнетақы алып келген. Айыпталушы Ресей Федерациясының төлқұжатын алған, бірақ ол Қазақстан азаматтығынан шығу туралы құзырлы органдарға өтініш беомеген болып шықты. Ол Ресей Федерациясында жасына байланысты 1998 жылдан бастап  сақтандыру зейнетақысын алған. Сонымен қатар, 2006 жылы Қазақстан зейнетақыларын төлеу жөніндегі ...

Толығырақ »

Мұхамбетов тұрғындарға уақытылы вакцина алуға кеңес берді

Бүгін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов КВИ таралуына жол бермеу бойынша жедел штабтың кезекті отырысын өткізді. Бұл туралы ол өзінің Instagram-парақшасында жазды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.  Штаб отырысы барысында облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а. Р.Айтбаевтың, Арқалық және Рудный қаласы мен Жітіқара ауданы әкімдерінің есебін тыңдаған. Сондай-ақ мониторингтік топтардың жұмысы қарастырылды. Мониторингтік топтар 2021 жылғы 1 маусым мен 25 шілде аралығында 4 ...

Толығырақ »

Токио-2020: Василий Левит нокаутқа түсіп қалды

Бокстан Қазақстан командасының тағы бір мүшесі — 91 келідегі Василий Левит қарсыласынан нокаутпен ұтылды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Василий Левит Токио Олимпиадасындағы алғашқы кездесуін испаниялық Эммануэль Рейеске қарсы өткізді. Рейес Испания намысын қорғайтын кубалық боксшы. Екі спортшының арасындағы жекпе-жек небары бір жарым раундқа созылды. Бірінші раундта төрешілер 3:2 есебімен жеңісті Испания өкіліне берген. Екінші раунд басталған тұста қарсыласының ауыр соққы алған ...

Толығырақ »

Қостанай ауруханасы тек коронавирус науқастарын ғана қабылдайды

Қостанай қалалық ауруханасында жоспарлы түрде жатқызылуы тиіс науқастарды қабылдау тоқтатылды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.  Қостанай облысы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бұған медициналық мекемеде 280 төсек-орындық, оның ішінде 20-сы жансақтау бөліміне жатқызылатын жұқпалы ауруларға арналған стационардың ашылуы себеп болып отыр. 27 шілдеде сағат 14:00-ден бастап Қостанай қалалық ауруханасында шұғыл (оның ішінде травматологиялық пункт) және жоспар бойынша жатқызылатын науқастарды қабылдау тоқтатылды. Алғашқы көмек облыстық ...

Толығырақ »

Токио-2020: Ертең жерлесіміз Василий Левит рингке шығады

27 шілде күні Токио Олимпиадасында бірнеше отандасымыз жарыс жолына шығады. Олардың арасында жерлесіміз — Қостанай облысы Федоров ауданының тумасы, даңқты боксшы Василий Левит те өнер көрсетеді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, ЭК сайтына сілтеме жасап. Дзюдодан Олимпиаданың төртінші жарыс күні өтеді. Қазақстан атынан 81 келіде түркістандық Дидар Хамза бақ сынайды. Оның алғашқы қарсыласы — әлем чемпионы Моңғолия атынан қатысатын Саид Моллаеи. Дидар ...

Толығырақ »

Торғайлық бойжеткен республикалық байқаудың бас жүлдесін жеңіп алды

«Assyltas» қоғамдық қоры ұйымдастырған «100 өлең» республикалық байқауынының қорытындысы шықты. Торғай өңірінің тумасы, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп түлегі Жанмұрат Ақерке Жанмұратқызы (Есенқызы) жеңімпаз деп танылып, Lada Granta көлігіне ие болды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Қуанышты жаңалықты Абай Қасым есімді Фейсбук қолданушысы бөлісті. «Құрметті торғайлықтар, сүйінші хабар! Алматы қаласында бүгін алты сағатқа созылып өткен республикалық 100 өлең байқауының бас жүлдесін Ш.Уәлиханов атындағы орта ...

Толығырақ »

Жангелдин ауданының тұрғындары ауыл әкімдерін сайлап жатыр

Қостанай облысының Жангелдин ауданында екі ауылдық округ пен төрт ауылда сайлау өтіп жатыр деп хабарлайды BAQ.KZ. Сужарған ауылдық сайлау комиссиясының хабарлауынша, сағат 7-9 аралығында елуге тарта адам дауыс берген. Бұл – барлық сайлаушылардың шамамен төрттен бірі. Таңғы сағат алтыдан бері учаскедеміз. Ауыл тұрғындарының белсенділігі жаман емес. Малын өріске жіберіп, шаруасын ыңғайлап келіп жатыр, — дейді №294 Сужарған ауылдық сайлау комиссиясының ...

Толығырақ »

«36 градус ыстық»: Торғай даласын тағы да өрт шарпуы мүмкін

21 шілдеде Қазгидромет еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Қостанай облысында оңтүстікте 36 градусқа дейін қатты ыстық болады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. 21 шілдеде күндіз Қызылорда облысында солтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Өте жоғары өрт қауіпі сақталады. Күндіз 21-23 шілдеде Жамбыл облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, бұршақ, ...

Толығырақ »

Директордың талабын орындамақ болған қостанайлық мұғалім опық жеп қалды

Қостанайда денсаулығына байланысты вакцина салдыра алмайтын мұғалім жалған анықтама сатып алып, кейін емханаға шағымданды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Ішкі істер министрлігінің мәлімдеуінше, мектеп мұғалімі бастығы вакцина паспортын сұратып жатқанын айтып, танысына мұңын шаққан. Әйел гипертония және демікпемен ауырады. Оған жекеменшік зертханада медициналық қарсы көрсетілімдері бар екені туралы анықтаманы алу қызметі 120 000 теңге тұратынын айтқан. «Танысы мұғалімге анықтаманы 20 мың ...

Толығырақ »