28.06.2021

Қостанайда медицина қызметкері пара алды деген күдікке ілінді

Қостанай облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасы ұйымының шаруашылық бикесі пара алды деген күдікке ілінді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Бүгінде оған қатысты сотқа дейінгі тергеу басталған. «Ол К. азаматшасын арандатты деп күдіктелуде. Қостанай облысы әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының лауазымды тұлғаларына оны Covid-19 модульдік жұқпалы аурулар ауруханасына санитар лауазымына орналастыру туралы мәселені шешкені үшін 1 000 АҚШ ...

Толығырақ »

Қостанай төрінде Қазақстан мен Беларусь Премьер-министрлері ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады

Премьер-министрі Асқар Мамин Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Беларусь Республикасының Премьер-министрі Роман Головченкомен келіссөз жүргізді. Үкімет басшылары сауда-экономикалық, ауыл шаруашылығы, энергетика, көлік-логистика, құрылыс салаларындағы ынтымақтастықтың, өнеркәсіптік кооперация мен білім берудің, сондай-ақ өңірлік өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.  Қостанай қаласында А. Мамин мен Р. Головченко ауыл шаруашылығы машинасын жасау өнімдерінің бірлескен өндірісін дамыту жобаларымен танысты. ...

Толығырақ »

Қостанай облысында жол-көлік апатынан үш бала қаза тапты

26 маусымда «Қостанай-Қарабұтақ» автожолында Renfult-Sandera көлігінің 36 жастағы жүргізушісі жүк көлігін басып озған кезде Lexus-пен соқтығысқан деп хабарлады tobyl-torgai.kz, облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Renfult-Sandera автокөлігінде отырған кәмелетке толмаған үш жолаушы, екеуі 14 жаста және біреуі 17 жаста көз жұмды. Осы көлік жүргізушісі мен 40 жастағы жолаушысы дене жарақатын алды.   фото: дереккөз

Толығырақ »

Архимед Мұхамбетов журналистерді мерекемен құттықтады

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен құттықтады деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.  «Құрметті журналистер және бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын! Ашық ақпараттық кеңістіктің дамуы жағдайында журналистиканың рөлі күн сайын күшейе түсуде. Қостанай журналистикасы әрқашанда бүкіл республиканың БАҚ редакциялары үшін үздік кадрлар ұстаханасы болып саналды. Біздің журналистердің материалдары оқырмандар мен көрермендердің қызығушылығын тудырады. Ал жобалар бірнеше рет ...

Толығырақ »