Сіздер не ойлайсыздар?
Ахмет атамыздың ЮНЕСКО көлемінде аталып өтеді деген тойына шамалы ғана күндер қалды.
«Ел құлағы елу» дейді, алайда Байтұрсынұлы тойына Торғайға Тоқаев барады екен еш сыбыс жоқ.
Бұрынғы президент Алаш жайлы, Алаш арыстары жайлы өзі де айтпады, өзгені де тұсады, ал дәл Кемел Тоқаевтай жазушының баласының Байтұрсынұлының өз халқына, тұтас түркі жұртына жасаған еңбегін, сол жолда жанын бергенін білмеуі, ондай жанқиярлықты бағаламауы мүмкін бе? Жазушының баласының, кәнігі дипломаттың, ел тізгінін ұстаған жанның бұл кідірісі не кідіріс?
Еңбегі еш, тұзы сор болғаны ма Ахметтей арыстың?
Сонымен Торғайға Тоқаев бара ма? Ахметті керек ете ме? Алыпты берген қасиетті Сартүбекке барып, ашылар кесенесіне бір уыс топырақ сала ма?
Анар ТӨЛЕУХАННЫҢ facebook-тегі жазбасынан