Ұлттық құрылтай: Тоқаев Торғай өңірінің дамуына серпін беретін ауқымды жоба туралы мәлім етті

Арқалықтағы әуежай қалпына келтіріліп, жаңа аэровокзал салынады. Сондай-ақ Астанадан Арқалық, Торғай және Ырғыз арқылы Транскаспий халықаралық көлік дәлізіне тура шығатын автокөлік жолының құрылысы басталады. Бұл туралы бүгін Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың IV отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.

Осы тұста тағы бір маңызды инфрақұрылымдық жоба қолға алынатыны туралы жариялағым келеді. Мен Үкіметке Астанадан Арқалық, Торғай және Ырғыз арқылы Транскаспий халықаралық көлік дәлізіне тура шығатын автокөлік жолының құрылысын бастауды тапсырдым. Жаңа күре жол орталық және батыс аймақтардың арасын 560 шақырымға қысқартады. Бұл – тұтас Торғай өңірінің дамуына тың серпін беретін ауқымды жоба, — деді Мемлекет басшысы.

Тоқаевтың айтуынша, бұдан бөлек Арқалықтағы әуежайды қалпына келтіріп, жаңа аэровокзал салған жөн. Бұл жоба ішкі көлік қатынастарын едәуір жақсартады. Сондай-ақ орталық аймақтағы ауыл шаруашылығы жерлерін игеруге және мал шаруашылығын дамытуға тың серпін береді.

Елімізде машина жасау, металлургия, мұнай-химия, агроөнеркәсіп және көлік-логистика салаларында мұндай жобалар аз емес, — деді Президент.

Ғанибет ҒАЛЫМБЕКҰЛЫ,

tobyl-torgai.kz

Фото: Ақорда

Мынаны да қараңыз

Балаларды қашанғы құрбандыққа шаламыз?

Қазақстан Республикасы Үкіметінің назарына! Қымбатты еститін Үкімет! Осыдан бір жыл бұрын осы «әлеуметтік желіде «Ақсақаловқа ...