Торғайдан щыға бере қара жол үстінде «Жоңқабай тамы» (Рамадан руынан), «Қарамеңді соры» — (Түгелбай руынан) «Сүйінбай жарығы» (Сартымақ руынан) *әрі қарай жақша ішінде () тек ру аты ғана жазылады* «Тәмидің Алакөлі», «Боқыш», «Кеңке», «Татан» — (Әлімбет), «Көбей» — (Жауқашар), «Көбек қонған», «Шошақ тамы», «Шошақтың Сары бидайығы» — (үшеуі де Үмбетей), «Сызай» — (Бессары), «Сандыбай», «Маужан» — (екеуі де Рамадан), «Ақтас қопасы», «Іскендір жырығы, қыстауы», «Байтұрсын тамы», «Мәшен», «Жалбыр», «Тұрғынбек мешіті», «Көкең тамы», «Тәшмағанбеттің Ағаш үйі», «Нанбай суаты», «Бекет», «Қашақбай», «Арғынбай, Қызжан жырықтары», «Темірше», «Жаулыбай», «Кәйдек жары», «Ахат сайы», «Ақмырза қыстауы», «Көшер құлағы», «Балдай суаты», «Ернешбай түбегі», «Бәйтөт жары» — ( бәрі де Үмбетей), «Сұпылы», «Қанапияның алакөлі», «Қанапия белгісі», «Өмірбек белгісі», «Мони», «Жантайдың қарақоғасы», «Қаңтарбай», «Боқтыбай» — (бәрі де Құрманай), «Көкір», «Кәдір», «Баймұрат өзені», «Махамбет», «Малтай», «Берістен», «Құлшық» — (бәрі де Жаппас), «Әбіш ауырған», «Құдабай қағы», «Көбеннің Ақтұзы», «Көбен қарасуы», «Бекназар қыстауы», «Тәтіғұл», «Құлман», «Кетебай үй салған», «Нияз үй салған», «үлкен Балжан», «кіші Балжан», «Бәубек», «Алтынай», «Кемпір өлген», «Сарыат жеген», «Елеген шапқан» — (Бәрі де Үмбетей), Шұжықтың қолтығындағы (Рамадан ) — Тоқмағанбет қыстауы.
Ендігі кезекте: Збанның шығыс бөлігіндегі Кісі есімдерімен аталатын жерлерді тізбелеп көрейік: «Қарамойын қопасы» — (Жағалай сонауҚарақұс сайына дейін сапалы салынған қыстаулардың қазірге дейін орны бар, иелерінің аттары ұмыт болды, шамасы жер атына қарағанда қыпшақтар болар, … ) ал, көл жүиесін жалғастырушы «Оспан», «Қазыбай», «Тоқы» қарасулары, «Айқожа қыстауы», «Айқожаның Қаратұзы», «Қазыбай, Қартабай, Нұрпейіс қыстаулары»—(бәрі де Үмбетейлер), «Әлімбай, Бейсен қарасулары», «Саудабай» «Тауасар қыстауы», «Жылқыбай өткелі», «Тоймағанбет», «Көтібар, Ділдебай қопалары» — (Бәрі де Қыпшақтар), «Ақназар, Ақбай» — (Ақназарлар) «Ботпай, Бешпент қарасулары»-(Томайлар), « лақ Тілеп бидайығы», 1960-шы жылдары қойшаруашылығы үшін су ұстайтын Қазан шұңқырлар қазылып оларға: «Аяған, Сейдеазым, Оразбек, Кенжеғұл, Райымбек, Әубек, Аймұқан, Молдабай »—атаулары беріліп ел картасына түсті. Сазанбай-Орсақ бетінде: «Қарпықтың Қос бидайығы» (Үмбетей Қарпықтың Қазгелдісінің атасы Қырықмылтық Бектан күйеу аяққа берген) «Бектан», «Төлеп», «Оспан сарбидайығы», «Керуен», «Мұратқали», «Сансызбай жарығы», «Тұрлының Алақамысы»,» «Бүйрек қамыс» «Ысқақ»— (бәріде Қырықмылтықтар).
Қарақұмда: «Нарөлген», «Нарқызыл», «Төбет», «Молдабай ауырған»,-(Қырықмылтық), «Әбілда», «Күндербек» — (Жетім), «Аман», «Басан»- (Алтындар)
Жер-киесіз, Ел-иесіз болмайды.
(Халық тәмсілі)
Мен өсіп ержеткен аяулы өлкем Ақкөлдің ащы бір шындығы – «Алаш соққысы» біз түгіл, өткен ғасырдың 30-шы жылдары өмірге келген аға ұрпақтың өзіне «бұрынғылардың» үстіне қосымша болып бас көтертпеді.Бұрынғылар демекші, «кекшіл билік» Е.Пугачевке қол апарған Үмбетей батырды да,Кенесарыға қолұшын берген Көбекті де, Ояздың басын жарған Ақтас –Байтұрсынды да ұмытпаған еді. …Осыдан да қатты «тізгінделген» біз өткеніміздің кемелділерін білмей өстік.Білдірмеді. …Әйтседе, ұсынықты ел Белділері туралы шындық «білтелеп» болсада ұрпақ құлағына жетіп жатты. Ақкөл аймағында елім, жерім деп еңіреп өткен ерлер мен аса бай болмағанмен ел асырарлық дәулетті,қайырымды, жомарт-мырзалары болған.—«Ерлерді ұмытсада ел,Арқаның-Селі,Шөлі,Желі, Белі –ұмытпас, Олар ұмытпаса Ел де ұмытпас!»—деген Мағжан ақын сөзіне сай өңіріміздегі Ата-Баба жеріне «Қарауыл » боп қалған тамдар мен молалардағы жартылай көміліп жатқан Белгітастар баршылық.Келешек ұрпақ осылардан да талай мағлұмат алары әбден анық!
Десекте, біз солардың бірен-саран бастыларын атап өтелік: Аралбайдың: Кәйдегі, Кәйдектің Теміршесі, Қасқабайдың Қожырбайы, Шолақтың Қарпығы. Жалбырдың Тұрғынбегі, Қақұлдың Жаулыбайы, Таңбайдың: Шошақ-Көбегі, Шошақұлдары: Ақтас, Байтұрсын, Көбектің Төлебайы, Төлебайдың Тәшмағанбеті, Тұрғынбайдың Мұқаны, Алтынбайұлы Айқожа, Сәңкібай ұлдары: Сыпсыңбай, Тоқы, Таңбайұлдары: Жатай, Баршын, Бапалақ, Шәуік баласы Мұңайтпас–жұлдызшы, Көпжасарұлы Дүзжасар, Ақмырза Бұқыбаласы Қосай, Баянды баласы Көбен, Сүйін баласы Мейірман, Бәйтөтұлы Ыбырай Ақжанұлы Байбосын, Аяпбергенұлы Қайырбек (Көкдөнен), Мыңбайұлы Бейіс хазірет, Баяндыұлы Мәтен, Қырықмылтық: Абылай ханның оң қолы — Ізбасты, Байжан, Бейсен, Бектан, Малай, Қанай, Жақай, Қараман Тайшығара, Қыпшақ: Ақпанұлы Қазыбай, Бессары Жүзбай, Момынбай, Ділдабай, Сызай, Тәшпай — Тәшмағанбет, Көтібарұлы Тоймағанбет, Әлімбет — Есеннің Боқышы, Рамадан: Сандыбай, Жебеген, Маужан, Мәшен, Томай: Ботбай — Бешпенттер, Ақназар: Елемес — Бөдестер, Бөдене : Қошанның Ахметі Үмбетейлермен жаны да, малы да әбден араласқан ағайындар.
Онымен қоса Ақкөл аймағы халқы шығысы — Ұлытау, Жезқазған, Жыланшық бойы Найман-Қыпшақтарымен, Түстігіндегі: Әлім-Шөмендермен, Алтындармен де әбден араласқан. Десекте жоғарыдағы біздің жадымызға жетіп, жетпей, аттары аталмай қалған өлке тарихындағы ұлы тұлғаларды өлке тарихына шығару болашақ иелері, Сендердің еншілерің!
Ендігі кезек: жоғарыдағы ұлтанды өңірлердін, Бабаларға мекен болып, мал-жанының тұрағы болған жайылым ,қоныс жерлерінің біздің заманымыз –ХХ1 ғасырға жеткендері мен өркен жайғандарын әңгімелемекпіз: Бізбен шектес: Рахмет, Бірәлі, Дәненнің Дәнсарысы, Алтынның Астауқопалары, Қотаннұрасы Құрманайдың: Қаңтарбай — Боқтыбайы, Ақтөбенің Байтақ көлі, Жезқазғанның Сәтбайы, Құлжанбайы, Құмкөл, Қараүңгір — Тұздағы, Аралдың Көкқабағы, Суаяғы Құрдым, атақты Жәнібек пен Әбілхайыр қолдарының «Мың бала » жасағын қатарға қосып Шона Лаузан қолын талқандаған Шұбар теңіз, Жайсаңбай, Қарақұмды көмкеріп жатқан: Ақирек,биіктігі 540 метр Атанбасы –дара шыңы, Уақтың Қызылжары
Бұлардан басқа ел мен елді шендестіріп тұрған талай даңқты жерлер мен жер иелерінің есімдері туралы сыр шертетін қариялар келмеске кетіп, олардан естігендерін қауашағына құйып алып келешекке жеткізетін құйма құлақтар азайды.Соданда талай жер жауһарларының аттары да, оны даңқтатқан иелерінің есімдері ұмыт болды. Осыған орай 2014-ші жылдың қазан-қараша айларында «Қостанай таңы» газетіндегі Торғай, Амангелдінің ортақ перзенті-Этнограф Шөптібай Бәйділдиннің «Жер бедері тартқан сыр» — деген мақаласы әрқайсымызға ой салар бағдаршам болса ғой, шіркін! Баяғының естісін білмеу, бағаламау ездің ісі екенін ұрпақ үнемі еске алып, «Өлгендердің қабірін- біл,тірілердің қадірін біл»,-демекші, кешегі кесірлі Кеңес заманында неше алуан асылдардың қудалауға түсіп, атылып, кебіні де, көрі де жоқ жат жерде қалды. Ал шын мәнінде сол асылдардың туған жері, өскен ортасы, иелігі болды ғой.Солардың бірегейі – осы Ақкөл аймағы.
«Баяғының құрметтісін білмеген елдің болашағы жоқ.»-деген екен Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов.Алла сақтап біздің бағымызға ондай кеселді жазбасын.Онсызда көптеген аталарымыздың жат жердің қай жырасында, қай орманында қалғандарын біле алмай келеміз. Кезінде олардың аттарын ататпай, санамыз сансырап өстік.Бәрін айтпағанның өзінде: Бейсенұлы Хамитбек, Тыныштықұлы Бердімұрат, Есқожаұлы Қойшы, Байтұрсынұлы Мәшен, Төлебайұлы Әбілқасым, Тұрғынбекұлы Тілеуқабылдарға тек қана «Ақтау қағаздары» ғана беріліп, қай жерде, қалай қаза болғандары жайлы еш дерек берілмеген. Демек …. сұрқия Совет саясатының құпиясы.Мұны Егемендік иесі Қазақстан әлі ашпай отыр.Өкпелісі де, өкініштісі де осы талайлардың ұрпақтарының арманда кеткендігі.Бұл ХХ ғасырдағы бүкілқазақ тартқан-күйік.
***
Менің бұл жазбамдағы негізгі мақсат:жадымызды жаңғырту,Тәуелсіздікке жету жолындағы үдерісіміздің баянды көшін байыптау, біз үшін тарлау болғанымен туып өскен жеріміздің, онда өскен ата-бабамыздың ауданды Қазақ жері мен Ұлтының бір бөлшегі екенін Ұрпаққа жеткізу.
Балалық балғын шақ- тек адамға ғана тән емес, бар дүниенің де бастау шағы , балалық шағы болады.
Тағдыр талқысында бірде құлап,бірде тұрып жеткен әр қазақ сияқты Ақкөл аймағы халқы да жаңа қоғам орнату жолындағы дауылдатқан дыбысты 1925-ші жылдан бастап қана сезіне бастады. Оғанда осы жылы Ахаңның Қызыылордаға Үкімет құрамына қызметке алынып, елде еру болған сапары себеп болған едіі. Бұрынғы дақпырт үстіне: Советтендіруді одан әрі кемелдендіріп, Серіктестік, ұжымдастырудың (Құрама, одақтатық, Тоз ) т.б. бірнеше түрлерін ойластырып іске асыра бастады.
Бұл саясаттың алды артын сезген Ахаң: «Бір ауыртпашылық заман келеді, малды азайтып, шаруаға жегіліп жүргендердің ақысын төлеп, бостандық беріңдер», — деп үгіттеді. Алдымен өз туыстарынан бастатты, солай істетті де. Оқырманға белгілі Әубекке сол сапарда берілген бостандық соның дәлелі. Сөйтіп, жиналған ағайынның разылығын нақтылап бас-басынан қайыра сұрап: — Ертеңгі замандарда ағайынның арасындағы бірін бірі қаралап, алауыздық орын алатынын да айқындап өсиеттеп берді. Кейін орын алған ел ішіндегі көлеңкелі жайлар осыны айғақтады. Бәріненде бұрын айтарым: аракідік әрекеттерден қанша ұмыту ауыр болса да жирене жүріп жетілдік-ау, әйтеуір. Аса ауыр кезеңмен өткен 1927 жылдан бсталған Ұжымдастыру науқаны біздің аймақта, Торғай ауданы деседе болады үлкен қиындқтармен өтті. Алдымен 1921 жылғы «Мешін» жұтынан үлкен ауыртпалықпен өте отырып, Әкімшілік бөлініс қақпақылына түсті.
1927 жыл, 27 маусымында Торғай уезі таратылып Сырдария губерниясының Қарсақбай округіне, 1928 жылдың 17 қаңтарында Қостанай округіне, 1932 жыл ақпанында құрылған Торғай ауданы Ақтөбе облысының құрамында болып, 1936 29 шілде — 1970 жыл 23 қарашаға дейін Қостанай облысы, 1970-1995 Торғай облысы, 1995 жылы 1жыл 7 ай Қостанай облысында тыныстап, қайтадан 6 ай ғана Торғай облысы болды. Өмірі ұзаққа бармаған Торғайдың 4 ауданы (Жанкелді, Аманкелді, Арқалық, Октябрь ) Қостанайға беріліп біржола Қостанайға қарап тынды.
***
Бұл туралы Ақтөбе, Қостанай, Арқалық, тіпті Торғай архивтерінен де нақты мәліметтер таба алмадым. Тек өкініш орнын толтырар жас буынның бар екенін дәтке қуат еттім.
Осы және төмендегі териториялық бөліністер: губерния, уезд, болыс, ауылнай сонау 1868-ші жылдан басталған. Қазақ даласын осы бөлшектеу ақыры құрамында Торғай, Батпаққара, Наурызым бар Қостанай округі құрылды. Бұл оккругке біздің Торғай дуаны: құрамында — Қарақоға болысы — орталығы Аралбай, Майқара — орталығы Шүмекті, Наурызым — орталығы Ақсуат, Тосын — орталығы Ақшығанақ (біздің Ақкөл аймағы Кеңес үкіметі орнағаннан кейінгі 1928 жылға дейін осы болыстық құрамында болды). Тосын болысын «Дәуітбай-Шеген ұрпақтары»: Бірімжан Шегенұлы (1869-73), Дәуренбек Бірімжанұлы (1873-1915), Жақып Дәуренбекұлы (1915-1928 жж) тәркілеуге жатқызылып кәмпескеленгенге дейін басқарды.
Осы арада болыстық бөліністегі билік-ел басқару қызметтерінің әділетсіз болып, жер-жердегі наразылықтар соңы 1916 жылғы Ұлт азаттық көтерілісіне ұласқанынан мәлім. Осылардың басы 1875 жылғы Ақтас-Байтұрсын шайқасы. Саяси астар беріліп, патша билігіне қарсылық деп танылған бұл шйқастың себебі: құрамында «қыпшақ» Қитабаларының кей аталары, Әлімбет, Қырықмылтықтар, және бірнеше шағын руларды жер көлемімен қосқанда жеке болыстыққа лайық Үмбетейлерге Болыстық мәртебесінің берілмеуі. Бұл талаптың Тосын болысы тарапынан орындалмауы. Бұл туралы Жайсаңбек Молдағалиевтің «Қыр суреттері», «Құс жолы» кітаптарында айтылған. Ақын Ақмолда Орынбай ұлының (1860-1925) Тосын болысының биі Қорғанбек Бірімжан ұлына арналған шағын өлең –хатында да жазылған. (Торғай ақындарының антологиясы. 1-кітап . 182-ші бет).
1921-дің жұты, 1928-дің Тәркілеуі 1929 жылы Қазақтың басқа жұрттарымен қоса бізде де: Қарақұм, Батпаққара көтерілістеріне алып келді. Осы көтерілістің екеуінен де біздің аймақ (5-ші ауыл, Тосын болысы) тыс қалған жоқ. Бұл зобалаңның соңы 1937-нің қанқасабына ұласты. Қолыма түскен мәліметтерге сәйкес: Төлебайұлы Тәшмағанбет, Ұлдары: Бекет, Ғаббас, Әбілхасен, Байнақат, Бажықанұлы Молдахмет, Мұқанұлы, Нұрмағанбет, Мәмбетұлы Маужан, Қарпықұлдары: Иманғали, Қазгелді, Мәшен Байтұрсынов, Әмір Қалиев (2 рет ұсталып, екіншісінде түрмеде өлген), Нанбайұлы Қаражар, Сүндетбай Ерназарұлы, тіпті, 14 жасар Бекетұлы Кәкітайды да қамап, алғашқыда босатқанымен 1937-де сол жаламен қайта ұстап хабар-ошарсыз кеткен (Т. Омарбеков. 1929-31 жылдардағы Халық көтерілісі. 94-95-ші бб). Бұлармен қоса Көбекұлы Төлебай иелігіндегі Наурызым ауданының 46-шы дистанциясындағы 6,7,8 ауылдардағы Үмбетейлер: Жікен, Ысқақ Баршыновтар, Беркен, Жүніс Жаманжановтар, Халық Байниязов, Ахмет, Жұмаш, Байбосыновтар, Ақылбек Бүркітов, Әбілда Сыпсыңбаев, Көтібар Үдербаев, Иманғали Тыныштықов, Жақыпбек, Аймағанбет Спановтар(1940-жылы құтылған) Торғай — Ақкөлден: Бердімұрат Тыныштықов, «Қырықмылтықтар»: Мырзағали Омаров, Қойшы Есқожин, Хамитбек Бейсенов 2 рет тұтқындалып, соңғысында атылған. Өте сауатты, алғаш құтылып келгенінде шығыр айдап отырып, «Правда» газетін оқи отырып: «Е, шырағым, біз уақытша босатылғандармыз ғой», — деп күрсінетін еді, Жарықтық!» — деген Хамитбектің көзін көріп, сөзін естіген Уәлі баласы Ағытайдың әңгімесінен.
Тілеш Тәмиев, Қарқынбай Досов, Тілеуқабыл Тұрғынбеков, Закария Ғапбасов, Мырзахмет Нұғыманов, Сызай Омаров (Нұреке Алмасов, Аққұм Қыпшақтары: Бірмағанбет, Асат Көбековтер, Бәйкемел Тоймағанбетов, Дөужан, Дәурен Бекмағанбетовтер, Үмбетей-Самат Тәшмағанбетов (Суреттерін жиеншары Жұмағазы Зейнешұлы тапсырды) ұсталып, атылды, азаппен өлтірілді, Әбілхасен Төлебайұлы інісі Сүндетбайды Қостанай түрмесінен алып қашады да, өзі қуғыншылар оғынан мерт болады. Сүндетбай қашып құтылып, Қырғыз асып, ол жақта жүріп Отан соғысына сұранып, ауыр жарақаттан соң елге оралған.
1929 жылғы ақкөлдіктер қосылған Торғай көтерілісшілерін сипаттаған Қадыр Мырзалиев:
Қыран халық қанатын кең жайғанда,
Қаһармандар құйылды-ау, қай қайданда.
Атамыздың Айбалтасы, Найзасы,
Ақырғы рет шықты сенде майданға… — деп жырға қосты.
Ибраһим АҒЫТАЙҰЛЫ,
журналист, өлкетанушы, этнограф
(жалғасы бар)
Фото: atr.kz