Құмар Ақсақалов Қостанай облысының әкімі болып тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Құмар Іргебайұлы Ақсақалов Қостанай облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлады tobyl-torgai.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Құмар Іргебайұлын облыс активіне Премьер-министр Әлихан Смайлов таныстырды.

Ақсақалов Құмар Іргебайұлы 1965 жылы Қостанай облысында туған. 1987 жылы  В.П.Горячкин атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы өндірісінің инженерлері институтын тәмамдаған. 1987-1989 ж.ж. — Қостанай облысы Урицкий ауданы «Крыловский» кеңшарының бас инженері.

1989-1991 ж.ж. — Қазақстанның ЛКЖО-ның Қостанай облысы  Урицкий аудандық комитетінің бірінші хатшысы. 1991-1992 ж.ж. —  Қостанай облысы Урицкий ауданы «Маяк» кеңшарының бас инженері. 1992-1993 ж.ж. — Қостанай облысы Қостанай ауданы «Новоселовка» мемлекеттік шағын кәсіпорнының директоры.

1993-1996 ж.ж. — Қостанай облысы Қостанай ауданы «Қостанай» ғылыми-өндірістік бірлестігі директорының орынбасары. 1996-1998 ж.ж. — Қостанай облысы Меңдіқара ауданының «Север» ұжымшарының төрағасы, «Север» ААҚ президенті. 1998-2002 ж.ж. — Қостанай облысы Меңдіқара ауданының әкімі. 2002-2004 ж.ж. — Қостанай облысы Таран ауданының әкімі.

2004-2006 ж.ж. — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы. 2006-2010 ж.ж. — Жамбыл облысы әкімінің орынбасары. 2010-2014 ж.ж. — «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Орталық аппаратының басшысы. 2014-2015 ж.ж. — «Нұр Отан» партиясының хатшысы.

2015-2017 ж.ж. — Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi басшысының орынбасары.

2017 жылғы 14 наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

Экономика ғылымының кандидаты, «Құрмет» орденімен (2011), «Ерен еңбегі үшін» (2005) медалімен, 2 мерейтойлық медальмен марапатталған.

Еске сала кетейік, 2015 жылдың қыркүйек айынан бері облысқа әкім болған Архимед Мұхамбетов қызметінен босатылды. Оның қандай қызметке барғаны әзірге белгісіз.

Мынаны да қараңыз

Ұлытауда болдың ба, ұлар етін жедің бе?

немесе Ұлытау саяхаты туралы Аяқ астынан сапарға шықтым.. Биылғы жоспар Талдықорған шаһары болатын. Бірақ, жақында ...