Биылғы 3 қыркүйектен бастап Астанадан Жітіқара қаласына пойыз қатынайтын болды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.
Ақпаратты «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі таратты.
3 қыркүйектен бастап «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Астана – Жітіқара» жаңа теміржол жолаушылар қатынасын іске қосады, — делінген хабарламада.
«Астана – Жітіқара» бағытындағы вагондар 104 орынға есептелген.
Пойыз күнара қатынайтын болады. «Нұрлы жол» вокзалынан тақ күндері сағат 19:40-та жөнелтіліп, «Жітіқара» станциясына жұп күндері сағат 15:56-да келеді. Жітіқарадан сағат 18:14-те жұп күндері кері қайтып, тақ күндері елордаға сағат 12:46-да келеді, — деп жазылған хабарламада.
Пойыз маршруты Көкшетау және Қостанай арқылы өтетін болады.
Фото: ашық дереккөз