Қостанайда түнгі клубта қыздар жалаңаш билеген

Қостанай қаласындағы түнгі клубта болған сұмдық жайттың видеосы тарады. Желіде тараған видеода қыздар жұрттың көзінше тыр жалаңаш шешініп тастаған, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

Видеода түнгі клубтағы жас қыздардың тыр жалаңаш шешініп билеп жүргендерін көруге болады. Оқиғаға куә болғандардың барлығы смартфондарына түсіріп алған.

Полиция департаменті хабарлағандай, видеоға қатысты барлық адам анықталған.

Бұл жағдайдың мән-жайын анықтау үшін полицияға 6 адам шақырылған. Оның ішінде клубтың иесі де бар.

Қазіргі уақытта ұсталған бес адамға қатысты ҚР Әкімшілік Кодексінің 434-бабы «Ұсақ бұзақылық» бойынша әкімшілік іс қозғалды, материалдар шешім қабылдау үшін сотқа жіберілетін болады. Көңіл көтеру мекемесінің иесіне қатысты құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы ұйғарым шығарылды.

Қазіргі уақытта сот шешімі де шыққан.

Қостанай облысының полиция департаменті кештің барлық қатысушылары әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарлайды. Қостанай қаласы әкімшілік сотының шешімімен қыздар бес тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды. Кеш жүргізушісі 20 АЕК (69 мың теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл төлейді, — деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Фото: видеодан скриншот

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...