Қостанай облыстық Қоғамдық даму басқармасының «Әділетті мемлекет, біртұтас ұлт және өркендеген қоғам құндылықтарын қалыптастыру және нығайту бойынша кешенді іс-шараларды ұйымдастыру» жобасы аясында Меңдіқара ауданы, Михайлов ауылы тұрғынымен кездесіп қайтты. Мұндай жүздесу бұған дейін Қарабалықта, Тоғызақ елдімекенінде болып еді.
Негізгі мақсат – Қостанай облысының тұрғындары арасында әділетті мемлекеттің сындарлы құндылықтарын (бірлікте және заңмен өмір сүру) қалыптастыру және нығайту, патриоттық тәрбие беру. Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын насихаттау, азаматтардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері мен дәстүріне деген құрметін, қызығушылығын және мемлекеттік тілде сөйлеуге ұмтылуын қалыптастыру. Жобаны үйлестіруші –«Саналы ұрпақ» қоғамдық бірлестігі.
Мақсат ортақ болғасын бұл іс-шараға «Әділет және Өркендеу» қоғамдық қорының Қостанайдағы белсенділері де қатысып қайтты. Өйткені, жоба ең алдымен шеткері орналасқан ауылдарды қамтиды. Ал, шекаралық аумақтардығы тұрақтылық аса маңызды, сол себепті жергілікті халықтың тұрмысына ерекше көңіл бөлінуі қажет. Қоғамда болып жатқан үдерістертен тұрғындар шет қалмауы тиіс.
Баршаға белгілі, әділетті қоғам әрбір азаматтың қадір-қасиетін мойындау, өзара құрмет пен ынтымақ Біздің де басты бағыттардың бірі. ӘР АЗАМАТТЫҢ ҚАДІР-ҚАСИЕТІН ҚҰРМЕТТЕУ ЖӘНЕ ҚОРҒАУ Қордың басты құжаты Манифесте айқын жазылған!