ganibet

Есімі елдің есінде

Ғасыр жасаған атаның баласы немесе жастарға қамқоршы болған Қайыржан Шайзаұлы ғұмырынан бір үзік сыр «Жақсының жақсылығын айт – нұры тасысын» дейді халық. Сірә, мәселе мұнымен шектелмесе керек. Хас жақсыны елге, ұрпаққа өнеге болсын деп те айту керек. Әйтпесе, ғасырлар бойы тең тұрған жақсылық пен жамандықтың таразысы теңселіп кетер еді, өмір ізгіліктен ажырар еді. Бүкіл болмыс-бітімімен ерекшеленетін Қайыржан ағаны (аға деп ...

Толығырақ »

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: Ресеймен бірлескен кәсіпорындар құратын боламыз

  Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесті деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Қазақстан мен Ресей Президенттері кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық мәселелерін және күн тәртібіндегі басты халықаралық тақырыптарды талқылады. Мемлекет басшысы Қазақстанның Ресеймен қарым-қатынасының ерекшелігіне тоқталып, екі ел арасындағы сенім мен түсіністік деңгейі жоғары екенін атап өтті. – Биыл арамызда дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толады. Тығыз ...

Толығырақ »

ҚАРТАЙСАҢ, ҚАРА ЖЕРДЕЙ БОЛ

«Қартайсаң,  қара жердей бол!»   Мағынасы терең, арқалаған жүгі ауыр осы сөздерден  бабалардың үні естіліп,  ұрпағына қалдырған аманаты пен  ғибраты сезіледі. «Қариясы бар ел – қазыналы ел» деген де нақыл бар. Қазақтың мақал-мәтелдерін парақтасаңыз, бүкіл ғұмырыңа жетерлік өмір сабақтарын алуға болады екен. Өмір заңдылықтары, ұрпақтар сабақтастығы арқылы қазақ халқы да өркениет көшімен жарқын болашаққа нық қадам басып келеміз. Бұл жерге саясаттағы ...

Толығырақ »

Қостанай облысында белгісіз себептен құлындар қырылып жатыр

 Қостанай облысы Амангелді ауданының тұрғындары мал төлінің белгісіз себептен қырылып жатқанына алаңдап, Alau.kz порталына хабарласқан деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі аталған порталға сілтеме жасап. Жергілікті тұрғын Сүндет Есентаевтың сөзінше, жылқы төлі туыла сала қырылып жатыр. «23 бас кетті. Барлық құлын сау туған. Бірақ туа сала өліп қалады. Неден екенін түсінбей жатырмыз. Былтыр Торғайда киіктер қырылып еді, құлындарға да сондай нәубет тиген болар. ...

Толығырақ »

Теңге нығаюын тоқтатты

27 ақпанда ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының таңғы саудасында нығаюын тоқтатты деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 312,44 теңгеге тең болды. Еске салайық, 24 ақпанда доллар бағамы 311,49 теңге болған. Таңғы сауданың бірінші келісімі 312 теңгемен өтті және осы минималдық құны болды, ал максималдық құны — 312,51 теңге. Сауданың жалпы көлемі 61, 900 миллион долларға жетті. Kurs.kz мәліметінше, ұлттық ...

Толығырақ »

ҚАЙРАН ДОС-5

Шырайлы жырлар Иә қуантар, иә жылатар, әйтеуір, бейжай қалдырмай жүрегіңнің тура үстінен өтетін жырға не жетсін. Жұмаш Сомжүректің «Жазушы» баспасынан жарық көрген «Нұрлы нысана» атты тұңғыш жинағын оқып шыққан соң, осындай ойға келдік. Ұшқыр ой жарысып жел, киікпенен, Көңіл де таласып шың биікпенен, Шалқып бір отырғанда келсең, досым, Жырымның кәусарынан құйып берем. Ақын әрқашан ағынан жарылады, ешқашан алдамайды. Осы шумақпен ...

Толығырақ »

Талапты бала талпынған құстай

Әрбір бала – өзіндік ерекшелігі бар жеке тұлға. Тек оны тани білу, таныта білу ұстаз, мектеп, қала берді ата-ананың қолында. Барлық балада жақсы оқысам, ата-анам мен ұстаздарымның үмітін ақтап, биіктерден көрінсем деген арман ұшқыны болады. Ал мектеп- осы асқақ армандарға бет алған балалардың қанатын қатайтып, білім негіздерін қалап, адамдық сапасы мен тәрбиесін қалыптастыратын негізгі орта. Сондықтан халықтың келешегі осы мектептердің ...

Толығырақ »

«Түрмеге түскім келеді…»

Астанада ер адам түрмеге отыру үшін ақша айырбастау пунктіне шабуыл жасаған Астанада ер адам түрмеге отыру үшін тапаншамен ақша айырбастау пунктіне шабуыл жасаған. Осылайша ол өз туыстарына кек қайтаруды жоспарлаған деп хабарлайды tobyl-torgai тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. Іс материалдары бойынша, астаналық ер адам медициналық бетперде киіп, ақша айырбастау пунктімен бір ғимаратта орналасқан нотариусқа үш рет кірген. Үшінші рет кірген кезінде ...

Толығырақ »

Қостанайлық қария шаңғымен 80 шақырымдық саяхат жасады

70 жастағы қария арасы Қостанайдан 80 шақырым жердегі Федоровка ауылына дейін шаңғымен 2,5 күндік саяхат жасады деп хабарлайды «Наша газета». Басында Мұхамедқали Асқаров бұл аралықты үш күнде өтемін деп ойлаған екен. Ол саяхатын 21 ақпанда сағат 9:30-да бастап, 23 ақпанда сағат 13:00 шамасында межелеген орнына жеткен. Ол жерде қария Федоровка ауданының №4 мектеп оқушыларымен кездесті. Ал кейінірек сағат 19:00 шамасында көлікпен үйіне ...

Толығырақ »

Жыл соңына дейін ұялы байланыс пен мобильді интернеттің сапасы артады

Жыл соңына дейін Қазақстанда ұялы байланыс сапасы мен мобильді интернеттің сапасы артады. Бұл туралы бүгін Үкіметте өткен баспасөз мәслихаты барысында Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Елімізде интернет жақсы дамыған, әсіресе, қалаларда. Бірақ интернет үнемі жетіліп тұрады. Жекелеген мәселелер туындап тұрады, біз ол мәселелерді шешуді мықтап қолға аламыз. Яғни, қазір біз бүкіл Қазақстан бойынша радиожиілік ...

Толығырақ »