Түрпі

Батыр жасау бизнесі

Ит сатып көрдім. Ит дегенің он теңгеден «оптом» алып, бытырлатып он бес теңгеден сататын (шіркін!) шемішке емес екен. Шыр жұқпады. Иттеріме кінә жоқ, итше күшіктеуін күшіктеді. Бірақ шайдан қалған шайындым олардың қорегіне жетпеді. Ақыры, иттей болып жүріп ол шіркіндерден құтылып тындым. Ең соңғы қалған тұқымды төбетімді сүйек-саяқ сатып алып тұрған қасапшыға қарызымның өтеуіне төледім. Бит сатсам деп ойланып көрдім. Бит ...

Толығырақ »

Парламент… Папуас… Тегін пәтер…

Түс әлетінде әдеттегіше қалалық телеарнаның эфирінен екі байға тиіп, төрт бала тапқан танымал тележұлдыздың қыз кезіндегі концертін көрші-көлем түгел жиналып көріп отырған-тын. Жылан жорғалағандай жыбыр-жыбыр өтіп жатқан жүгіртпе жолдағы «кескін-келбеті қазаққа ұқсамайтын, мемлекеттік тілді жақсы меңгерген жандарды болашағы жарқын жұмысқа шақырамыз» деген жып-жылы жарнама Ақыштың көзіне оттай басылды. «Мына құрғырлар көріп қойған жоқ па екен» деген күдікпен көзінің астымен көршілерін ...

Толығырақ »

Аты аспанда, заты «астыңда…»

Менің көкемнің аты Көтібар. Сенбесеңдер төлқұжатын тексеріп көріңдер, мөрмен куәландырылып, тайға таңба басқандай Котибар деп жазылып тұр. Өзінің айтуынша бұл ныспыны марқұм ата-әжеміз ырымдап қойса керек. Бірақ нені, неге, не үшін ырымдады, ол жағы мен түгілі, Көтібар көкемнің өзіне дүдамал. Аты «арт жақпен» тікелей байланысты болса да, көкем артта қалып көрген кісі емес. Көсем де өзі, шешен де өзі, тоқетері ...

Толығырақ »