Қостанайда бірінші сыныпқа барған балалардың 71%-ы орыс тілінде оқуды таңдаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. Бұл туралы ұстаз Аятжан Ахметжанұлы өзінің facebook-парақшасында жазды. Міне, біздің оқу ағарту министрлігінің жұмысының тағы бір «керемет нәтижесі!» Қостанай облысында 454 мектеп бар. Оның 112-сі ғана қазақ тілінде, 227 мектеп таза орыс тілінде, 115 аралас (орыс және қазақ тілінде оқытатын) мектеп бар. Орыс мектептерінің 60 пайызын өзіміздің қаракөз балалар ...
Толығырақ »Tag Archives: Білім басқармасы
Қостанай облысында педагогтардың 90%-ы вакцина алды
Қостанай облысында педагогтардың 100%-ы вакцина алады деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Облыстық Білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, тамызда ұстаздар еңбек демалыстарынан жұмысқа оралады. Қазіргі кезде облыс педагогтарының 90%-ы вакцина алған. Процесс жалғасуда, тамызда мұғалімдер еңбек демалысынан шығып, жұмысқа оралады. Олардың арасында жол жүргендер вакцина салдырған. Жаңа оқу жылының басына дейін, бөлек қарастырылатын жағдайларды қоспағанда, педагогтардың 100%-ы вакцина алады деп жоспарлап отырмыз, ...
Толығырақ »Қостанайда 155 волонтёр билік уәде еткен өтемақыны ала алмай жүр
Олар қыс бойы қарттар мен мұқтаж жандар үйін қардан тазалап, басқа да шаруасына көмек берген, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап. «Әлеуметтік студенттік кредит» жобасы шеңберінде әрқайсысына 20 мыңнан 50 мың теңгеге дейін төленуі тиіс еді. Бірақ уәде етілген сома сегіз айдан бері әлі жоқ. Бұған Білім және ғылым министрлігінің өтемақы төлеудің тиянақты механизмін әзірлемеуі себеп болған. Студенттерді ...
Толығырақ »«14 млн теңге»: Қостанайда пара алған Білім басқармасының қызметкері 10 жылға сотталды (ВИДЕО)
14 млн теңгені қалтасына басқан Қостанай облысы Білім басқармасының қызметкері 10 жылға сотталды, деп хабарлады tobyl-torgai.kz, ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Қылмыстық істің мән-жайын журналистерге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі облыстық департаментінің басшысы Қуаныш Бекбасов айтып берген. «Облыстық Білім басқармасы бөлім басшысының орынбасары Шугаев сот шешімімен аса ірі мөлшерде пара беруге итермелегені және алдағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол «ALANSinc» ЖШС-нің 34 565 ...
Толығырақ »Қостанай облысында психологиялық қолдау орталығы ашылды
Қостанайда елімізде баламасы жоқ психологиялық және қосымша білім беру өңірлік орталығы ашылды деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бүгін облыстық Білім басқармасының басшысы Құсайын Кәткенов тілшілерді орталықтың жұмыс барысымен таныстырды. Бұл жобаның жүзеге асырылуына облыс бюджетінен 54 млн теңге бөлінген. Орталық басшысы Елена Петренконың айтуынша, қосымша білім беруді дамыту орталығы еліміз бойынша тұңғыш рет ашылып отыр. «Басты мақсатымыз — балалар үшін психологиялық көмектің ...
Толығырақ »Архимед Мұхамбетов: Білім басқармасының қызметі тым төмен
Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Білім басқармасының жетім балаларды үймен қамтамасыз ету бойынша атқарып жатқан жұмыстарын сынға алды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі әкімдіктің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Дегенмен, аймақта жетім балалардың жағдайын жақсарту бойынша жүйелі жұмыстар атқарылып жатқан көрінеді. Мәселен, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жалпы санының азайғаны байқалады. «Қостанай облысында жалпы 2296 жетім бала бар. Оның 67 пайызы отбасыларда тұрып жатыр. ...
Толығырақ »