Tag Archives: жол-көлік апаты

Рудный-Қостанай тасжолындағы апат: айыпталушы тарап араша сұрайды

Қазір Қостанай облыстық сотында 2021 жылдың қарашасында Рудный-Қостанай тасжолында 3 адамның өмірін жалмаған жантүршігерлік жол апатына қатысты аппеляциялық сот үдерісі өтіп жатыр, деп хабарлайды Halyq Uni. Куәгерлердің айтуынша, Kia автокөлігі алдында келе жатқан lada priora-ны басып озғысы келгенде жанай соғып, қарсы бағыттағы басқа көлікпен бетпе-бет соқтығысқан. Апат салдарынан Kia-ға соғылған көліктегі 3 адам ауруханада көз жұмған болатын. Содан кейін осы ...

Толығырақ »

Қостанай облысындағы тасжолда жол апатынан 4 адам қаза тапты

Қарабұтақ-Қостанай тасжолының 495-шақырымында жол апаты болды. Toyota микроавтобусы бульдозермен соқтығысқан, — деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап. Апат салдарынан жүргізуші мен 3 жолаушы оқиға орнында қаза болған, тағы 3 адам Рудный қаласының ауруханасына жатқызылды. Автокөлік Жітіқарадан Қостанайға шыққан. Жүргізуші жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, бірқатар жол белгілерін елемеген және жол қозғалысы жабылған технологиялық учаскеге шығып кеткені анықталды, — деп жазылған Telegram-арнада. ...

Толығырақ »

Қостанай облысында жол апатынан бір көлікте отырған төрт адам қаза болды

Қостанай облысында екі бала мен екі ересек адам жол апатынан қаза болды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. 30 шілдеде «Қостанай-Введенка» тасжолының 77-шақырымында «Мерседес» көлігінің 28 жастағы жүргізушісі рөлді тізгіндей алмай, қарама-қарсы бағытта келе жатқан ВАЗ-2110 көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан ВАЗ-2110 жүргізушісі мен үш жолаушысы, екеуі кәмелетке толмаған, ауыр дене жарақаттарынан оқиға орнында қаза болған. Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі мәліметінше, ...

Толығырақ »

«Қостанай-Екатеринбург» автобусы аударылып, 13 адам зардап шекті

Бүгін Ресейдің Челябі облысының Кунашак ауданында жолаушылар автобусы аударылды деп хабарлады tobyl-torgai.kz Alau.kz сайтына сілтеме жасап. Екатеринбург қаласына баратын жолдың 85-шақырымында «Қостанай-Екатеринбург» автобусы аударылған. Челябі облысы бойынша Ішкі істер министрлігі бас басқармасының мәліметінше, жол апаты қардың көп жаууы салдарынан болған. Жүргізуші автобустың рөліне ие бола алмай, жолдан шығып кеткен. Салдарынан 13 жолаушы жарақат алған. Олар Челябі, Кунашак, Каслин аудандарындағы медициналық мекемеге жеткізілді. ...

Толығырақ »

Қостанай облысында жол-көлік апатынан үш бала қаза тапты

26 маусымда «Қостанай-Қарабұтақ» автожолында Renfult-Sandera көлігінің 36 жастағы жүргізушісі жүк көлігін басып озған кезде Lexus-пен соқтығысқан деп хабарлады tobyl-torgai.kz, облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Renfult-Sandera автокөлігінде отырған кәмелетке толмаған үш жолаушы, екеуі 14 жаста және біреуі 17 жаста көз жұмды. Осы көлік жүргізушісі мен 40 жастағы жолаушысы дене жарақатын алды.   фото: дереккөз

Толығырақ »

Қостанай облысында жол-көлік апатынан 6 адам қаза тапты (ВИДЕО)

Қостанай – Әулиекөл тасжолында екі Джип көлігі соқтығысып, салдарынан алты адам қаза тапты, деп хабарлады tobyl-torgai.kz, облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Апат бүгін сағат 16.30-да Қостанайдан Әулиекөл ауданына апаратын тасжолдың 69- шақырымында, Новонеженка және Лаврентьевка ауылдары арасында болған. «Екі Джип автокөліктері соқтығысқан. Оқиға орнында автопатрульдер мен жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Қазіргі уақытта жол апатынан 6 адам қаза тапқаны белгілі болды», ...

Толығырақ »