Қостанай облысындағы тасжолда жол апатынан 4 адам қаза тапты

Қарабұтақ-Қостанай тасжолының 495-шақырымында жол апаты болды. Toyota микроавтобусы бульдозермен соқтығысқан, — деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Апат салдарынан жүргізуші мен 3 жолаушы оқиға орнында қаза болған, тағы 3 адам Рудный қаласының ауруханасына жатқызылды. Автокөлік Жітіқарадан Қостанайға шыққан.

Жүргізуші жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, бірқатар жол белгілерін елемеген және жол қозғалысы жабылған технологиялық учаскеге шығып кеткені анықталды, — деп жазылған Telegram-арнада.

ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша «Екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу» соталды тергеу басталды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Фото: Polisia.kz 

Мынаны да қараңыз

Құмар Ақсақалов ертең Федоров ауданына жұмыс сапарымен барады

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Федоров ауданына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Сапар барысында ...