Рудныйда 87 жастағы әжейді өз пәтерінде өлтіріп кеткен

Рудныйда 87 жастағы әжейді өз пәтерінде өлтіріп кетті деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.

Alau.kz сайтының дерегінше, Комсомольский даңғылы мекен жайындағы пәтерінен 87 жастағы тұрғын өлі күйінде табылды. Әжейдің денесінде азаптау белгілері болған. Жедел-іздестіру шараларын өткізу барысында полиция қызметкерлері бір тәулік ішінде Майлин ауданының 29 жастағы тұрғынын ұстады.

Аталған фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. ҚР ҚПК 201- бабына сәйкес, басқа ақпаратты жариялауға рұқсат етілмейді, — делінген хабарламада.

 

фото: chto-proishodit.ru 

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *