2011 жыл болуы керек. Мен қалай депутат болып кете жаздадым?Анық білмеймін, бірақ Тәуелсіздік күні мерекесінің қарсаңы еді. Аяқ астынан астанадан Жасұлан Айсағали ағам звондап, маңызды бір құжатты поездан күтіп алып, Аманжол Күзембай ақсақалға апарып беруді тапсырды. Айтқанын бұлжытпай орындап, әлгі пакетті тарихшы ағайымның қолына ұстатып, жылыстай беріп едім, ол кісі тоқтатып алды. «Асықпа, бірге оқиық» деп, ашып, бір-бірлеп алып көз ...
Толығырақ »Tag Archives: Сатира
Тірі адамға ескерткіш
Биыл біздің мектеп бітіргенімізге бес жыл. Көктүйнек орта мектебін енді көрместей, есігін қайтып ашпастай болып қоштасқанымыз кеше ғана сияқты еді. Әупірімдеп «Әліппе» ашып, бірінші сыныпқа барған кезімнің өзі тұп-тура бүгінгідей көз алдымда. Кішігірім шөмеледей шашын желкесіне түйген, түйе арбаның доңғалағындай көзілдірігінен шүңірек көзі жылтыраған мұғалима (есімі Шәрипа екен) біздерді жетектеп кабинетке кіргізіп, бой-бойымызбен орналастырды. Бәкенелер бірінші қатарға жайғасты, сидам сирақты ...
Толығырақ »«ӘУЛИЕ» ІЗДЕП ӘУРЕ ДЕСЕДІ…
Сыбайластықты сылып тастау департаменті Ұсақ жемқорларды іріктеу басқармасының Қолма-қол ақшамен пара берушілерден түсінік алу бөлімінің Ұлттық валютамен тұтылғандарды жауапқа тартумен айналысатын сала бас маманының орынбасары Адал Жүрекұлы Байғұсов бір-ақ күнде елді алатайдай бүлдіріп, әбігерге салып қойды. Әп-әдемі абыройы бар басшыларды әуреге салған “әдірем қалмағыр” идея Адал Жүрекұлының қауға басына қаңғалақтап аяқ астынан орала кеткен еді. Департаменттің акт залындағы кезекті жиналыстың ...
Толығырақ »ПОЭЗИЯ «ПЫРАҚТАРЫ»
Әлем-жәлем киінген жас ақын әлдеқандай болып, редакцияның әдебиет бөліміне келіп түскен хаттарға шұқшиып отырған-тын. Кенеттен шаян шаққандай орнынан атып тұрып, қарындашының басын қарш еткізіп тістеп алды да, «тфу» деп қабырғаға қарап түкіріп жіберді. — Қарағым-ау, қара басты ма? Қараптан қарап жараған бурадай жыныңды шашқаның не? – Үндемей газет оқып отырған сақа тілші көзілдірігін шекесіне көтеріп, үрейлі көзбен көршісіне үңілді. — ...
Толығырақ »