Киелі Торғай туралы толғау Туған жер — Торғайым! Біздің Торғай жеріне жасаған экспедициямыздың екінші күні, яғни 7 шілде күні Торғай қаласындағы музейлерге барғанымыз және өте құнды жәдігерлермен танысқанымыз туралы бұған дейін жазған едім. Әрине, мүмкіндігінше тарихи нысандарын да, өңіріміздің табиғатын да көруге тырыстық. Сол күні, Торғай кентіндегі музейлерді аралап болған соң, алыстан келген қонақтардың құрметіне Жанкелдин ауданы әкімдігі ұйымдастырған қонақасыға ...
Толығырақ »Tag Archives: Туған жер
Туған жер – тұғырың
Әркімнің туған жері — Мысыр шәрі Туған жер – тұғырың! Сонымен, 2019 жылғы 6 шілде күні таңертең Арқалық қаласының вокзалынан таксиге отырып, Амангелді кентіне келген едік. А.Иманов атындағы мемориалдық музейді аралап болған соң, «Бистро» атты дәмханадан түскі асымызды ішіп, «Алтын Дала» резерватының офисіне бардық. Мұнда біз қорық басшылығымен жолығып, жеделдетіп аталған резерваттың «Ұлы Жыланшық» учаскесіне жол тарттық. Бұл түске таманғы ...
Толығырақ »Торғайлықтарға үндеу!
Жақында елде болып қайттым. Өзі туып-өскен мекеннің бүгіні мен ертеңі кім-кімді де толғандырмай қоймаса керек-ті. Оның үстіне толғауы тоқсан Торғайдың проблемасы таусылған ба? Олардың бәрін тізбелей берсем сөз ұзап кетер, сондықтан ең негізгі мәселеге назар аударғанды жөн көрдім. Қазіргі таңда жерлестерімді алаңдатып тұрған басты жайт – «Ресейге жалға жер беріледі» деген қауесет. Естуімше, «Союз-2» зымыранының бірінші сатысының қалдықтарын тастайтын алаң ...
Толығырақ »Жол үстіндегі екінші әңгіме-2
Осы аралықта менің жадымда бір бас қосуда тарихшы Манаш (Қозыбаев) ағамыздың айтқан бір әңгімесі тірілді. – Бірінші, – депті Адам ата ұлына, – ойлан балам, мал-дүниенің соңына қатты беріліп түспе, өйткені ол ұйқыңнан қалдырады. Ауру қылады. Мейірімсіз етеді. Көз ештеңеге тоймайтыны белгілі. Ол бір уыс топырақпен ғана толады. Екінші, өз жұмысыңның түпкі нәтижесін ойла. Сабырлылық сақта. Пайда-зиянын екшей біл. Үшінші, ...
Толығырақ »