Tag Archives: Қостанай

«Үкімет қаулысы заңсыз»: Қостанай әкімі наразылыққа шыққандармен кездесті

Қостанайдың Жеңіс саябағында ондаған адам наразылық акциясына жиналды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, «Наша газета» басылымына сілтеме жасап.  Олар мәжбүрлі вакцинацияны алып тастауды, кәсіпкерлерді айыппұлдармен жазалауға тыйым салуды, сондай-ақ, вакцина алмаған адамдарға ПТР-тестілеуді тегін жасауды талап етті. Тағы оқи отырыңыз: Қостанайда «мәжбүрлі вакциналауға қарсы» митингіге шақырған ер адам қамауға алынды Үкімет қаулысы заңсыз, өйткені ол менің конституциялық құқықтарымды бұзады. Мен ауылдан келдім. Акция ...

Толығырақ »

Қостанайда «мәжбүрлі вакциналауға қарсы» митингіге шақырған ер адам қамауға алынды

Сот Қостанай тұрғынын Telegram-да рұқсат етілмеген митингіге адам шақырғаны үшін айыптады. Алайда ер адамның өзі телефонында мессенджер орнатылмағанын және әкімдікке басқа мәселе бойынша митинг туралы хабарлама бергенін айтты деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, «Новая газета» басылымына сілтеме жасап.  Қостанайдың мамандандырылған әкімшілік соты 5 шілдеде Сергей Зинченконы ӘҚБтК-нің 488-бабы 7-бөлігі «Бейбіт жиналысты ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнаманы бұзу» бойынша әкімшілік жауапқа тарту ...

Толығырақ »

Мұхамбетов: әкім мен орынбасарлар халықтың вакцина салдырмағаны үшін жазаланады (ВИДЕО)

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов жедел штаб отырысында қала және аудан басшыларын коронавирусқа қарсы вакцинацияның төмен қарқыны үшін сынға алды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, «Алау» басылымына сілтеме жасап. Мұхамбетовтың айтуынша, халықты вакцинациялау бойынша ең төмен көрсеткіш Қостанай, Лисаков, Рудный және Жітіқара қалаларында анықталған. «Рудный, Лисаков және Жітіқара ауданының әкімдері осы мәселе бойынша тәртіптік жауапкершілікке тартылуына байланысты, бүгін  шешім қабылдаймыз және Қостанай қаласы әкімінің вакцинация ...

Толығырақ »

Қостанайда медицина қызметкері пара алды деген күдікке ілінді

Қостанай облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасы ұйымының шаруашылық бикесі пара алды деген күдікке ілінді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Бүгінде оған қатысты сотқа дейінгі тергеу басталған. «Ол К. азаматшасын арандатты деп күдіктелуде. Қостанай облысы әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының лауазымды тұлғаларына оны Covid-19 модульдік жұқпалы аурулар ауруханасына санитар лауазымына орналастыру туралы мәселені шешкені үшін 1 000 АҚШ ...

Толығырақ »

Қостанай төрінде Қазақстан мен Беларусь Премьер-министрлері ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады

Премьер-министрі Асқар Мамин Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Беларусь Республикасының Премьер-министрі Роман Головченкомен келіссөз жүргізді. Үкімет басшылары сауда-экономикалық, ауыл шаруашылығы, энергетика, көлік-логистика, құрылыс салаларындағы ынтымақтастықтың, өнеркәсіптік кооперация мен білім берудің, сондай-ақ өңірлік өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.  Қостанай қаласында А. Мамин мен Р. Головченко ауыл шаруашылығы машинасын жасау өнімдерінің бірлескен өндірісін дамыту жобаларымен танысты. ...

Толығырақ »

«Сотқа беремін!»: Қостанай әуежайында зейнеткерді темір қоршау басып қалды

Алматылық Наталья Кабеева есімді әйелді Қостанай әуежайында қоршау басып қалды. Салдарынан ол ұшақтың орнына операция үстелінен бір-ақ шықты. Қызының айтуынша, әуежай әкімшілігі бұл жағдайға мүлдем немқұрайлылық танытқан. Әйел көмексіз қалған деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, «Информбюро» жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап. Зейнеткер Наталья Кабеева Қостанай әуежайындағы қоршаудың астында қалған. Ол қызы Ольгамен бірге Алматыға ұшуы керек еді, бірақ әуежайға кіреберістегі баспалдақта төтенше жағдай болды. “Ол төмен түсіп, темір ...

Толығырақ »

Қостанайдың қақ ортасында әйел адамды өлтіріп кетті

Қостанайдың орталық көшелерінің бірінде адам өлімі болды, күдікті ұсталды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. «Бүгін 19:00-де полиция қызметкерлері әйел адамның өліміне күдікті Қостанай қаласының 37 жастағы тұрғынын ұстады. Қазіргі уақытта марқұмның кім екені анықталып жатыр», деп хабарлады ведомство. Қылмыс Баймағамбетов көшесінде жасалған. ҚР ҚК 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстың себептері ...

Толығырақ »

Қостанайда «Беларус» тракторлары өндіріледі

Қостанай облысына Беларус Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі П.В.Утюпин және «Минск трактор зауыты» ААҚ бас директоры В.М.Вовк бастаған Беларусь Республикасынан делегациясы келді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.  Бұл туралы облыс әкімі Архимед Мұхамбетов өзінің instagram-парақшасында жазды. Әкімнің мәлімдеуінше, Минск трактор зауытымен ынтымақтастықта «Композит Групп Казахстан» ЖШС алаңдарында «Беларус» тракторлары өндіріледі. Бұл ретте «Беларус» маркалы тракторларға арналған компоненттер өндірісін жолға қою жолымен өндірісті ...

Толығырақ »

Биыл Қостанайда 29 тұрғын үй пайдалануға беріледі

Қалалық құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы Тамара Данильчуктың айтуынша, 2021 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыруға 17,3 млрд теңге бөлінген деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Бағалы қағаздарды сатып алу және республикалық бюджеттен қаржыландыру есебінен 30 тұрғын үй бойынша несиелік және жалға берілетін тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. Оның жалпы ауданы 123 мың 967,3 шаршы метр, яғни 1863 пәтер. Бес үй «Юбилейный» шағын ауданында, ...

Толығырақ »

Қостанайда атыс болды: зардап шеккендер бар

Қостанайдың қақ ортасында оқ атылып, бірнеше адам жараланды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, stan.kz-ке сілтеме жасап.  Тұрғындардың айтуынша, қатты дыбыстан кейін ер адамдар жол бойына жүгіріп шыққан. Олар “кім атты?” деп айғайлаған. “Оқ атылды. Ол жолдың арғы жағымен жүгіріп өтіп, не оның ішінен, не кеудесінен ұстап алды. Бәрі “атты, атты” деді. Содан кейін тағы үш еркек жараланды. Олар бір нәрсе іздей бастады. Жедел жәрдемге қоңырау ...

Толығырақ »